Басты бетЖаңалықтарҚоғамдық келісім мен бірлікті нығайтуға үлес қосып жүрген азаматтарын марапаттадық

Қоғамдық келісім мен бірлікті нығайтуға үлес қосып жүрген азаматтарын марапаттадық

1 наурыз – Алғыс айту күніне байланысты Ақмола облысы ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары, ҚХАА Хатшылығының меңгерушісі Сабырхан Кенжебаев өңірімізде қоғамдық келісім мен бірлікті нығайтуға үлес қосып жүрген азаматтарды Ақмола облысының әкімі, ҚХАА төрағасы Марат Ахметжановтың Алғыс хатымен марапаттады. Олардың қатарында этномәдени бірлестіктердің жетекшілері, ҚХАА жанындағы құрылымдардың мүшелері және «Қоғамдық келісім» КММ қызметкерлері бар.

Бұл – өңіріміздегі татулық пен тұрақтылықты сақтауға бағытталған еңбектің лайықты бағалануы.

Сонымен қатар, Көкшетау қаласының 7-10 сынып оқушылары арасында «Алғыс білдіремін» тақырыбында қалалық эссе байқауы ұйымдастырылды. Байқауға Көкшетау мен Красный Яр ауылындағы 17 мектептен 65 өтінім келіп түсті.

Жеңімпаздар:
III орын (50 000 тг) – Нұрмұхан Мансұр
II орын (75 000 тг) – Роголева София
I орын (100 000 тг) – Жағыпарова Томирис
Арнайы жүлде – Атаев Дарын

Жеңімпаздарға қаржылай сыйлықтар мен демеушілер тарапынан арнайы жүлделер табысталды. Сондай-ақ оқушылардың кураторлары Алғыс хаттармен марапатталды.
Алғыс айту – татулық пен бірліктің, сыйластық пен мейірімнің айқын көрінісі.

Барша марапат иелерін шын жүректен құттықтаймыз!

Тақырып бойынша
spot_img

Ұқсас мақала

Соңғы мақала