Басты бетЖаңалықтарШағалалы ауылында «Елтану» жобасы аясында кездесу өтті

Шағалалы ауылында «Елтану» жобасы аясында кездесу өтті

2026 жылғы 27 қаңтарда облыстық ақпараттық түсіндіру тобының мүшелері Зеренді ауданының Шағалалы ауылындағы Жоғары агротехникалық колледж студенттерімен және педагогикалық құрамымен кездесті. Іс-шара ҚХА «Елтану» жобасы аясында ұйымдастырылып, негізгі тақырып – Қазақстан қоғамындағы және интернет кеңістігінде этносаралық келісімді сақтау болды.

Облыстық ақпараттық түсіндіру тобының мүшесі, «Вайнах» шешен-ингуш қоғамдық бірлестігінің төрағасы Герихан Яндиев қоғамдағы бейбітшілік пен келісімді сақтаудың маңыздылығын атап өтті. Қоғам қайраткері және саясаттанушы Асылбек Баяжума жастар арасында моральдық нормаларды сақтау және этносаралық қатынастар саласындағы ақпараттық алдын алу шаралары туралы сөз сөйледі.

Сонымен қатар, Ақмола облысы Ішкі саясат басқармасы жанындағы «Қоғамдық келісім» КММ бөлім басшысының міндетін атқарушы Тлектес Нұрсейітов ҚР Қылмыстық кодекстің 174 және 180-баптарының нормаларын түсіндірді. Қатысушыларға құқықтық жауапкершілік, «қатігездік тілі» мен хейттің алдын алу тақырыбында видеороликтер көрсетілді.

Іс-шара жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру және этносаралық келісімді нығайтуға бағытталды.

Тақырып бойынша
spot_img

Ұқсас мақала

Соңғы мақала