Іс-шараға Журналистер клубының мүшелері, этнобағыттағы бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, өңірлік «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемелерінің баспасөз қызметі мамандары, медиаменеджерлер, журналистер мен блогерлер қатысты.
Жиынды ҚР Парламенті Сенатының депутаты, Қазақстан халқы Ассамблеясы Журналистер клубының төрағасы Алишер Сатвалдиев ашып, бұқаралық ақпарат құралдарының қоғамдық келісім мен ұлттық бірлікті нығайтудағы маңызды рөліне тоқталды.
Сондай-ақ ҚР Парламенті Сенатының депутаты, Бас редакторлар клубының төрайымы Бибігүл Жексенбай этноБАҚ қызметі, кәсіби стандарттарды жетілдіру және сала мамандарының біліктілігін арттыру бағытындағы өз ой-пікірін білдіріп, тәжірибесімен бөлісті.
Бағдарлама аясында этносаяси терминологияны дұрыс қолдану, жаңа медиа мен цифрлық технологиялардың этножурналистикаға және антикризистік PR-ға ықпалы туралы мәселелер қарастырылды.
Сонымен қатар қатысушылар М. Барманқұлов атындағы телестудияны және университет музейін аралады.
Аталған отырысқа Ақмола облысынан «Қоғамдық келісім» КММ-нің БАҚ-пен өзара іс-қимыл, интернет-ресурстар және әлеуметтік желілер мониторингі бөлімінің басшысы Бердібек Нұрғасыр Әбдісерікұлы қатысып, өңірлік коммуникация саласындағы тәжірибесімен бөлісті.
Кездесу қорытындысында Қазақстан халқы Ассамблеясы Журналистер клубы мен Бас редакторлар клубы арасында кәсіби ынтымақтастықты дамыту және бірлескен медиажобаларды жүзеге асыруға бағытталған ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.[:]



