[:kk]
Республика күні қарсаңында Ақмола облысында Қазақстан халқы Ассамблеясының «Жеңіс бірлікте» спорттық платформасы шеңберінде волейбол турнирі өтті.
Шараны «Манас» этномәдени орталығы» қоғамдық бірлестігі Ақмола облысы ішкі саясат басқармасы жанындағы «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесімен бірлесе ұйымдастырды.
Турнирдің басты мақсаты – жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, этномәдени бірлестіктер арасындағы достық қарым-қатынасты нығайту және қоғамдағы бірлік пен келісім құндылықтарын дәріптеу болып табылады.
Жарысқа өңірдің түрлі ұйымдары мен этномәдени орталықтарынан құралған 10 команда қатысып, жоғары деңгейдегі ойын өрнегін көрсетті.
Турнир өте тартысты әрі ауқымды өтті, қатысушылар командалық рух пен шынайы спорттық шеберлікті паш етті.
Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар төмендегідей анықталды:
I орын – «Ақмола облысының орыс қоғамы» қоғамдық бірлестігі
II орын – «Қазақ тілі мен мәдениеті» қоғамдық бірлестігі
III орын – «Ақмола облысының поляктар бірлестігі» қоғамдық бірлестігі
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге дипломдар және бағалы сыйлықтар табысталды.
«Жеңіс бірлікте» спорттық платформасы – бұл тек спорттық жарыс емес, өңір этностарын достық пен өзара түсіністікке біріктіретін маңызды бастама. Мұндай іс-шаралар қоғамдағы бірлік пен келісімді нығайтып, жастарды белсенді және салауатты өмір салтына ынталандырады.[:ru]
В преддверии Дня Республики в Акмолинской области состоялся масштабный волейбольный турнир, организованный Общественным объединением «Этнокультурный центр «Манас» совместно с КГУ «Қоғамдық келісім» при управлении внутренней политики Акмолинской области в рамках спортивной платформы Ассамблеи народа Казахстана «Жеңіс бірлікте».
Цель турнира — пропаганда здорового образа жизни среди молодёжи, укрепление дружбы между этнокультурными объединениями, а также развитие ценностей единства и согласия в обществе.
В соревнованиях приняли участие 10 команд из различных организаций и этнокультурных центров региона. Игры прошли динамично и напряжённо, каждая команда продемонстрировала высокий уровень подготовки, командный дух и стремление к победе. Турнир отличился масштабностью и атмосферой дружбы и спортивного азарта.
По итогам турнира места распределились следующим образом:
I место — Общественное объединение «Русская община Акмолинской области»
II место — Общественное объединение «Қазақ тілі мен мәдениеті»
III место — Общественное объединение «Объединение поляков Акмолинской области»
Победители и призёры были награждены дипломами и ценными подарками.
Спортивная платформа «Жеңіс бірлікте» стала не просто соревнованием, а площадкой, объединяющей этносы региона вокруг идей дружбы, взаимного уважения и активного образа жизни. Подобные мероприятия способствуют укреплению единства и сплочённости в обществе и вдохновляют молодёжь на здоровое и созидательное будущее.[:]


