Жолдауды талқылау бойынша кездесу
31 қаңтар күні Көкшетау гуманитарлық-техникалық коллледжінде ҚР Президенті Н. Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына жолдауын талқылау бойынша кездесу өтті. Оған Ақмола облысының Жастар ресурстық орталығының жетекшісі, ҚХАА жанындағы облыстық Қоғамдық келісім кеңесінің (ҚКК) мүшесі Т.М. Ысқақов, Ғылыми-сараптамалық топтың, ҚХАА жанындағы облыстық ҚКК-нің мүшесі Р.С. Буктугутовалар қатысты.