«Жемқорлыққа қарсы күресу – бірлік пен тұрақтылық кепілі»
Қазақстан халқы Ассамблеясының және Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру үшін қоғамның әлеуетін тарту мақсатындағы өзара әрекеттесуі бойынша өзара іс-шаралар жоспарын іске асыру аясында Қоғамдық келісім сарайында дөңгелек үстел өткізіліп, онда Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының белсенділері мен құрылымы жиналды.
Мәселе қоғам үшін аса маңызды – жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы қозғалды. Модератор, Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Жақыпова Марал Қажыкенқызы мемлекеттік тәуелсіздікке қол жеткізген күннен бастап, Ұлт Көшбасшысының саяси еркімен Қазақстан жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саясатын мақсатты түрде іске асырылуда екенін атап айтты.
Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы жанындағы облыстық Қоғамдық келісім кеңесінің мүшесі Есімбаев Еркін Тұрашұлы білім беру саласында жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы айтып берді, ал ҚР Мемлекеттік қызмет істері және жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің департаменті басшысының орынбасары Хайруллин Дархан Мәрденұлының баяндамасы ешкімді немқұрайлы қалдырған жоқ. Дархан Мәрденұлы барлық қажетті сұрақтарға жауап беріп, өз сөзін тақырыптық бейнебаян көрсетумен қамтыды.
Өзара іс-әрекеттер жоспарында рухани-адамгершілік және азаматтық-патриоттық тәрбие аясында мектеп ортасында жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бағдарламасын іске асыруға көп назар аударылуда. Осыған байланысты, ҚХАА жанындағы Аналар кеңесі оқу орындардағы дәрістерді, «Жемқорлыққа – жоқ дейміз» буклеттерінің байқауларын, бұқаралық ақпарат құралдарында сұхбаттар беруді қамтитын іс-шаралар жоспарын жасады. Аналар кеңесінің төрайымы Зере Қиықованың айтуынша, жемқорлыққа қарсы тұрақты иммунитет болмаса, қажетті нәтижеге қол жеткізу мүмкін емес. Әрбір қазақстандық, әрбір отбасы жемқорлықпен күресудің – барлық қоғамның, әрбір азаматтың міндеті екенін түсінуі тиіс. Осы себептен балалық шақтан бастап Отанға деген сүйіспеншілікті, қоршаған адамдар мен дәстүрлерге деген құрметті, еңбек пен білімге талпынысты, тәрбиелілік пен адалдықты тәрбиелеу қажет.
Дөңгелек үстел аяқталғаннан соң қоғамда жемқорлыққа қарсы мәдениетті әрі қарай іске асыру бойынша ұсыныстар жасалды.