«Қоғамдық келісім» КММ-і қызметкерлерінің жұмыс кеңесі өтті
Достық үйінде мекеме басшысының орынбасары А. Б. Нұрмағанованың төрағалығымен «Қоғамдық келісім» КММ-і қызметкерлерінің жұмыс кеңесі өтті.
Кеңесте қаралған мәселелердің ішінде қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мәселесі жеке тақырыппен ерекшеленді. Айгүл Бейсембайқызы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің тұжырымдамасына, құрылымына, міндеттері мен функцияларына егжей-тегжейлі тоқталып, мәдениет жүйесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет ерекше орын алып, нақты функцияларды орындайтынын және белгілі бір дәрежеде қоғамның тұтастығы мен бірлігін сақтайтынын, оның мазмұны ең алдымен қызметкерлердің қызметіндегі негізгі принциптер ретінде құқық пен адамгершілікті қамтитынын атап өтті.