ҚР ТЖМ студенттерінде қонақта

    А.ж. 19 мамырда Қазақстан халқы Ассамблеясының «Отаным – тағдырым» жобасын іске асыру аясында  “Қоғамдық келісім” КММ, этномәдени бірлестіктер мен қоғамдық құрылымдар өкілдерінің ҚР ТЖМ жоғары көпсалалы азаматтық қорғау колледжінің студенттерімен кездесуі өтті.

    Қонақтар облыстық Ассамблеяның, қоғамдық құрылымдардың өңірдегі қоғамдық келісім мен Қазақстан халқының бірлігін қамтамасыз ету жөніндегі қызметі туралы айтып берді.

    Ол үшін тыңдаушыларға Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы туралы бейнефильм көрсетілді.

    Достық үйінің бөлім басшысы Айгүл Жанбатырова этномәдени бірлестіктерге ана тілін, этностардың мәдениеті мен дәстүрлерін сақтау мен дамытуда әдістемелік, консультациялық көмек көрсететін ресурстық орталық ретінде Достық үйінің жұмысына егжей-тегжейлі тоқталып, Ассамблеяның этносаралық келісімнің қазақстандық моделін қалыптастыруға бағытталған жобалары туралы әңгімеледі. Бұған қоса тыңдаушыларға Достық үйінің қызметі туралы бейнефильм көрсетілді.

   Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Ғосман Төлеғұлұлы, “Әзербайжандар қауымдастығы” РҚБ Ақмола облысындағы филиалының төрағасы Назим Шихалиев, “Ассамблея жастары” РҚБ облыстық филиалының мүшесі Сұлтанбек Бекешев этносаралық негізде жанжалды жағдайларды болдырмау жөніндегі Қоғамдық келісім кеңестерінің жұмысы, қазақ және әзірбайжан халықтары арасындағы достық пен ынтымақтастық, жастар бастамаларын дамыту,  жастар ортасында қоғамдық келісімді нығайту, қазақстандық жастардың әлеуметтік деңгейін арттыруға бағытталған шаралар  туралы айтып берді. Олардың сөздері слайд көрсетілімімен сүйемелденді.

   Кездесу соңында қонақтар студенттерді а. ж. 5 маусымында өтетін республикалық референдумға қатысуға шақырды.