Ерекше үлгідегі сабақ

Ақмола облысы ТЖД «Өрт сөндіру және апатты-құтқару жұмыстары қызметі» ММ №3 өрт сөндіру бөлімінде ҚХАА жанындағы Аналар кеңесінің төрайымы, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі Қиықова Зере Еспайқызының қатысуымен Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласын және мемлекет Президентінің қатысуымен өткен Қазақстан халқы Ассамблеясының XXV сессиясы материалдарын талқылау, сонымен қатар Аналар кеңесінің қызметін түсіндіру бойынша сабақ өткізілді.

«Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» – еліміздің халқын біріктіруге бағытталған жаңа тарихи құжат болып табылады. Дамыған елдердің алдыңғы тәжірибесіне сүйене отырып, мақалада бәсекеге қабілетті және білімді жас азаматтарды тәрбиелейтін әдістерге ерекше назар аударылды. Осы мақсатқа қол жеткізу үшін адам өзінің рухани әлемін өзгертуі тиіс. Жас ұрпаққа қазақ халқының дәстүрлері мен салттары туралы өз білімдерін жиі толықтырып отыру керек. Рухани жаңғыру деген осы. Бағдарламалық мақала бастау алған реформаларды толықтырып қана қоймай, оған қоса қазіргі жағдайлардағы рухани-адамгершілік жолды ашады» – деп Зере Еспайқызы атап өтті.

Зере Еспайқызы өз сөзінде Мемлекет басшысының бизнес өкілдерін, ғылыми және шығармашылық интеллигенция өкілдерін Шағын Отан жобасына қатысуға және оларды өз күштерін ауылдардағы жерлестерін қолдауға шақырғанын айтып өтті.

Аталмыш іс-шараға өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері мен курсанттары бөлім басшысы Шукеев Серіктің басшысылығымен қатысты. Дәрістің барысында Зере Қиықова Аналар кеңесінің қыздарды тәрбиелеу бойынша қызметін атап өтті, Аналар кеңесінің бастамасымен іске асырылған «Қыз тәрбиесі – ұлт тәрбиесі» жобасы туралы айтып берді, оған қоса «Қоғамдық келісім» КММ, облыстың этномәдени бірлестіктері және Кәсіпкерлер палатасы туралы әңгіме қозғады.

Зере Еспайқызы еліміздің дана Президенті туралы, оның есімінің жеріміздегі бейбітшілік пен келісімге қалай байланысты екенін айтты: «Біз татулықта өмір сүреміз. Біз не себепті әрқашан бірегейлік туралы айтамыз? Не себепті біз «Бір халық – Бір мемлекет» дейміз? Себебі бұл тұжырымдар біздің санамызға әбден сіңген. Біздің Президентіміз соны қалайды. Біздің Президент ең қайырымды адам. Барлық Президенттер одан сабақ алады. Біздің Елбасының арқасында бейбітшілік пен келісімде өмір сүріп жатырмыз».

Дәрістің барысында айтылғанның барлығы өрт бөлімі қызметкерлері тарапынан талқыға салынып, олар ерекше белсенділік танытты, жалпы диалог құрып, Қиықова Зере Еспайқызына осындай қызықты дәріс өткізгені үшін алғыс жаудырды. Олардың ішінде радиотелефоншы Мәми Жаңагүл Бекентайқызы, №3 өрт бөлімі басшысының орынбасары Новобранцев Юрий Жоржиевич және қарауыл басшысы Мусин Жанат Талғатұлы болды.

Қиықова Зере Еспайқызы – Қазақстан Республикасының білім саласындағы құрметті азамат ретінде өзінің ұзақ жылдар бойы жинаған тәжірибесіне сүйене отырып аталмыш дәрісті ерекше үлгідегі сабақ формасында өткізді.

Сейтмағанбетова Жазира Тоқтарқызы,

гуманитарлық ғылымдар магистрі