«Этноfashion» байқауының үшінші күні

А. ж. 29 наурыз күні  «Қоғамдық келісім» КММ Көкшетау қаласы, Бұланды, Бурабай, Шортанды және Біржан сал аудандарының командалары қатысқан «Этноfashion» ұлттық киім байқауының үшінші кезеңі өтті.

Қазылар алқасы атап өткендей, байқауға қатысушылар ұлттық киім көрсетілімінде бір-бірін қайталамады, ұлттық костюмдердің әрбір көрсетілімі өзіндік жаңалығымен, киімнің стилі мен пішіндегі жаңа элементтердің болуымен ерекшеленді.

Сахналық образдармен жұмыс істеген сәнгерлер ұсынған ХХІ ғасырдағы қазақ киімі заманауи этномодаға жаңа беталыстар әкелді. Қазіргі кезеңге лайықталып тігілген киімдер көпшілік көңілінен шықты.

«Этноfashion» бізді қазақ костюмдеріне жаңаша көзқараспен қарауға, оларға қайтара үлкен  мән беруге мәжбүрледі және біздің жастарымыз заманауи ұлттық киім үлгілерін күнделікті өмірде киіп жүретін күннің де туарына сенім пайда болды.

Қазылар алқасы ұлттық костюмдер көрсетілімінде қатысушылардың өзіндік, шығармашылық тәсілдерін атап өтті. Олардың сахналық бейнелерге тәнті болғаны соншалық,  лайық деп танылған Бурабай ауданының командасына  байқаудың Гран-при жүлдесін беруді бекіту туралы күтпеген шешім қабылдады. Сәйкесінше бірінші, екінші және үшінші орындарды Шортанды, Бұланды аудандарының, Көкшетау қаласының командалары иеленді. Барлық қатысушылар дипломдар және бағалы сыйлықтармен марапатталды.