Мемлекеттік тіл-барлық қазақстандықтарды топтастырудың маңызды факторы

Бүгін, 10 ақпан күні  ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған онлайн-кездесу өткізілді.

Кездесуге Қазақстан халқы Ақмола Ассамблеясы этно-мәдени бірлестіктер төрағалары,  Көкшетау қаласының №5 көппрофильді “Таңдау” гимназиясы” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 9-10 сынып оқушылары қатысты.

Сұхбат барысында  оқушылар, жаһандану заманында қазақ тілінің болашағы қандай болмақ, қазақ тілінің өміршең болуы үшін не істеу керек деген сауалдарға толыққанды жауап алды. «Ақмола облысының өзбек ұлттық-мәдени орталығы» ҚБ төрайымы Медетова Тожибуви Усмановна мен   «Ақмола облысының «Вайнах» шешен-ингуш қоғамы» ҚБ  төрағасы Яндиев Герихан Ибрагимович оқушыларға мемлекеттік тілді меңгерудің маңыздылығын  ұғындырды, мемлекеттік тілді толық игерген түлектер жас маман болған сәтте күнкөрісіне қажетті еңбекке орналасып,  мамандығы бойынша кәсіби толыға, кемелдене алатындығын айтып, ақыл кеңестерін берді.

Аталмыш білім ордасының оқушылары Илана Садвакасова, Жакеева Анель, Мамурзаева Фариза  ана тілінде өз ойларымен бөлісті. Тәрбие ісінің меңгерушісі Анар Ризабекқызы Оразымбетова тіл мәртебесі жайлы тоқталды.