«Достық дәмі» мерекесі

Ашық түсті бояуларға толы, бүгінгі күн шуақты да жылы болды. 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күнін мерекелеуге Көкшетау қаласында тұратын 17 этномәдени бірлестік өкілдерінің қатысуымен «Достық дәмі» фестивалі және «Би-рух тынысы» республикалық хореографиялық байқауының гала-концерті өтті.

Ақмола облысының ішкі саясат басқармасы жанындағы «Қоғамдық келісім» КММ-і облыстық тарихи-өлкетану мұражайымен бірлесіп ұйымдастырған фестиваль азаматтық бірегейлікке, қазақстандық патриотизмге негізделген мемлекеттік тілді ықпалдастыруға және мәдениетаралық ілгерілетуге, бай тарихи өткенді дамытуға, қазақ халқы мен басқа да этностардың мәдениеті мен рухани дәстүрлерін сақтауға және дамытуға бағытталған.

Іс-шара барысында Ақмола ҚХА этномәдени бірлестіктері мен қоғамдық құрылымдары қазақ тағамдарын, басқа этностардың тағамдарын, сондай-ақ сәндік-қолданбалы өнер бұйымдарын ұсынды.

Бүкілхалықтық мерекеге көптеген келушілер Ақмола облысында тұратын қазақ халқының және басқа да этностардың дәстүрлерімен, мәдениетімен және рухани байлығымен танысу ұсынылды.