«Этноfashion» байқауының төртінші күні

А.ж. 30 наурыз күні «Қоғамдық келісім» КММ «Этноfashion» ұлттық киім байқауының соңғы төртінші кезеңі өтті, оған Астрахан, Аршалы, Целиноград және Қорғалжын аудандарының өкілдері қатысты. Жоба «Рухани жаңғыру» бағдарламасы  және «Қазақтану» ғылыми-ағартушылық жобасы аясында іске асырылғанын атап өткен жөн.

Қазылар алқасының мүшесі, «Ақай» сән үйінің жетекшісі Алдабергенова Ғалия өткен байқау туралы зор ықыласпен айтып, ұлттық киімдерімізге халықтың қызығушылығы жоғары екенін атап өтті, өйткені біздің ұлттық дәстүрлеріміз, стилистикамыз бізге өте жақын.

Бұл байқаудың басты талабы – көркем дүние көрсету, ұлттық киім тігудегі жаңашылдық, оны көрерменге шебер ұсыну, – деді дизайнер Ғалия Серікқызы.

Ол сондай-ақ жақын арада ұлттық киім қазақстандықтардың күнделікті тұрмысына енетініне зор сенім білдірді.

Сахналық бейнелерді бағалау кезінде қазылар алқасы костюм дизайнын, идеяның жаңалығын, образды тақырып бойынша ашуды, қатысушылардың әртістігін бағалады.

Бірінші орынды Қорғалжын және Целиноград аудандарының командалары бөлісті, екінші және үшінші орындарды Астрахан және Аршалы аудандарының өкілдері иеленді. Барлық қатысушыларға «Қоғамдық келісім»  КММ атынан дипломдар және естелік сыйлықтар табыс етілді.