Этномәдени бірлестік туралы мәлімет
Атауы: «Ақмола облысының татарлары мен башқұрттары бірлестігі» қоғамдық бірлестігі
Тарихи анықтама: Қоғамдық бірлестік 2016 жылдың 12 қазанында құрылды.
Төрағасы: Сулькарнаев Рафаил Саитович. Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі.
Практикалық жұмыстың негізгі бағыттары: басты басымдықтар жастарды қазақстандық патриотизм рухында тәрбиелеу, этностар арасындағы достықты сақтау, татар этносының тілін, мәдениетін, дәстүрлері мен салттарын жаңғырту және дамыту болып табылады.
Ресурстық базасы: «Қоғамдық келісім» КММ жанында кабинет, жастар қанаты, «Ғалиябану» фольклорлық ансамблі, би ансамблі, балалар мен ересектер театр топтары жұмыс істейді.
Негізгі жобалары: жыл сайын «Сабантуй», «Чак-чак байраме» іс -шараларын өткізу, «Дуслашу» кездесулері, татар киносының онкүндіктері, «Мен яратам сине Көкшетау» мерекелік гала-концерті,көрнекті жазушылар И.Салаховты, Қ. Тоқайды, М. Жәлелді еске алу кештері, қалалық және облыстық іс-шараларға қатысу. 2016-2019 жылдар аралығында «Ұмытуға жатпайды», «Ата-ана үйі» , «Көкшетау және Ақмола облысы татарларының тарихы» кітаптары жарық көрді.
Жетістіктері: Дүниежүзілік татарлар конгресінің 572 нөмірлі «Татар халқына сіңірген зор еңбегі үшін» медалімен марапатталған (2017). «ҚХА 25 жылдығы» мерейтойлық медалі (2020 жыл), Көкшетау қаласы әкімінің А.Х.Смаилов «Мемлекеттік тілді сақтауға және насихаттауға белсенді қатысқаны үшін» алғыс хаты (2020 жыл қыркүйек).
Байланыс ақпараты: Көкшетау қ., Васильковский ы/а 4-үй, 155-пәтер , 8-701-367-80-40,8-771-375-63-23 ,s-r-s-63@mail.ru