Талқылаудың қорытындысы жасалды
Көкшетау қаласының Қоғамдық келісім сарайында 2017 жылғы 10 наурызда конституциялық реформаны талқылау қорытындысын жасаудың республикалық біріңғай күніне арналған іс-шара өткізілді. Оған Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының белсенділері мен құрылымы қатысты: ғылыми-сараптық топ, Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы жанындағы облыстық Қоғамдық келісім кеңесі, Аналар кеңесі, Халықтық сәндік-қолданбалы шығармашылық шеберлері қауымдастығы, журналистер клубы, этномәдени бірлестік өкілдері, БАҚ.
Іс-шараның мақсаты – ол Мемлекет басшысының бастамасы бойынша уәкілеттілікті билік өкілдері арасында реттеу мәселелерін талқылау болды.
Ақмола облысы әкімінің орынбасары Нұрлан Нұркеновтың басшылығымен және ҚХАА төрағасы орынбасары, Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы Хатшылығының меңгерушісі Марал Жақыпованың қатысуымен іс-шарада Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы жанындағы облыстық Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Ғосман Төлеғұл, ҚХАА жанындағы ғылыми-сараптық топтың төрағасы, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент, А.Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің ҚХА кафедрасы меңгерушісінің орынбасары Ардақ Қапышев және Ақмола облысы әкімінің аппараты жанындағы «Қоғамдық келісім» КММ медиаторы, қызметтен кеткен төреші Ғайша Сыздықова сөз сөйледі.
Өз сөзінде Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы жанындағы ғылыми-сараптық топтың төрағасы Ардақ Қапышев дәл осы күні, 10 наурызда Мемлекет басшысының «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңына қол қойғанын атап өтті. Бұл өзгерістер Конституцияның 19 бабына 26 түзету енгізуді қарастыратындықтан, бұл күнді Қазақстанның саяси тарихындағы тарихи күн деп атауға болады.
«Барлық түзетулер тағдыршешті сипатқа ие. Өзгертулердің негізгі мәні – ол билік өкілдері арасында уәкілеттіліктерді реттеу және президенттің міндеттерін үкімет пен парламентке беру болып табылады.
Парламент өкілдерінің бірінші оқуы барысында 7 түзету енгізілді, олардың арасында Негізгі заңның 91 бабына ҚР ұлтаралық және конфессияаралық келісім қағидаларының баяндылығын бекіту қарастырылды. Аталмыш түзету саяси ұлттық Қазақстан үшін ерекше маңызды», деп – Ардақ Қапышев қорытындылап өтті.
Ғылыми-сараптық топ мүшелерінің ойынша, ҚР Президентінің жаңа Жолдауын түсіндіру және республиканың халқына арнайы үнқату барысында, олар бір бірін өзара толықтырып, саяси жүйедегі өзгерістер мен Қазақстанның үшінші жаңғыруы айқын көрініс табады. Тәуелсіз Қазақстанның экономикалық негізі құрылды, экономикалық реформалар стратегиясы жалғасуда, ендігі кезекте саяси бәсекелестіктің өсуіне, демократизация үрдісін шынайы іске қосуға өту уақыты қалды.
Іс-шараның қатысушылары Мемлекет басшысының бастамасы бойынша міндеттерді билік тармақтары арасында реттеу мәселелерін талқылауды бірауыздан қорытындылап шықты: «Тіпті конституциялық реформа бірден бәсекелестікке алып келмесе де, қалай болғанда да оның туындауы үшін барлық жағдайды жасайды. Оның өзі артықшылық.
Ол биліктің негізгі тармақтары арасындағы өзара әрекеттестік қағидаларын қозғайтын шынайы реформалар, олар Парламент дәрежесінің жай ғана артуын емес, сонымен қатар Үкімет билігінің күшеюін, Президент әрқашан да саяси орталық болып табылатын Қазақстандағы билік қатынастары жүйесінің шын мәніндегі қайта қосылуын білдіреді. Міндеттердің осылайша реттелуі арқасында Президент заманауи әлемдік кеңістіктегі басым бағыттар – сыртқы саясат пен ұлттық қауіпсіздіктің стратегиялық мәселелеріне көбірек назар аударады. Қалай болғанда да – ол Қазақстанның билік қатынастары жүйесінің ескі моделінен жаңа жағдайларға көшетінін білдіреді. Біздің ойымызша, алдағы күтіп тұрған өзгерістер, шын мәнінде жағымды, ең бастысы – уақытылы жасалған нәрсе».
Бақыт Мұхамедрахимова-Тасова