Семинар-тренинг өз жұмысын сәтті аяқтады

2017 жылдың 22 мамыры, сағат 10.00-де «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы Ақмола облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты ғимаратында «Қазақстан өңірлерінде жалпыұлттық бірлік пен қоғамдық келісім саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру» тақырыбындағы өңірлік үшкүндік семинар-тренинг өз жұмысын аяқтады.

Семинар-тренингті Қазақстан Республикасы Президентінің  жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы Орталық Азия өңіріндегі этносаралық және конфессияаралық қатынастарды зерттеу орталығы Қазақстан халқы Ассамблеясының қолдауымен Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында, сонымен қатар Қазақстан халқы Ассамблеясының XXV Сессиясы жұмысы қорытындысы бойынша белгіленген міндеттер мен қоғамдық келісім және жалпыұлттық бірлік саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру технологиялары бойынша тыңдаушылардың кәсіби білімі мен біліктілік деңгейін арттыру мақсатында ұйымдастырды.

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы Орталық Азия өңіріндегі этносаралық және конфессияаралық қатынастарды зерттеу орталығының жетекшісі, әлеуметтану ғылымдарының докторы Сәдуақасова Айгүл Кәкімбекқызы семинар-тренингті өзінің алғы сөзімен ашып, әрі қарай атқарылатын жұмысты қысқаша баяндап берді.

Сонымен қатар, семинар-тренинг жұмысына лекторлар ретінде Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Қазақстан халқы Ассамблеясы Хатшылығының өкілдері, отандық және шетелдік жетекші сарапшылар, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының өкілдері қатысты.  Олардың ішінде: Саясаттану ғылымдарының докторы, Мәскеу мемлекеттік мәдениет институты мәдениеттану және хальщаралық мәдени серіктестік кафедрасының және РФ Президентінің жанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясы ақпараттық технологияларды басқару кафедрасының профессоры, Мемлекеттік Думаның ұлттар ісі бойынша комитетінің мүшесі, РФ 3-класты мемлекеттік кеңесшісі Қанапянова Раушан Мұсаханқызы, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Петров Константин Викторович, Халықаралық ғылыми-техникалық орталықтағы Бағдарламалардың аға кураторы, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің арнайы шақырылған оқытушысы Величков Камен, Философия докторы, профессор, академик, Астана қ. Ғылыми-сарапшылық тобының сарапшысы, Қоғамдық келісім кеңесінің мүшесі Қазкенов Қазбек Майлыбайұлы, Филология ғылымдарының докторы, профессор, «Ізгілік педагогикасы» білім беру орталығы директорының орьшбасары, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің Құрметті профессоры Шәймерденова Нұрсүлу Жамалбекқызы, Филология ғылымдарының кандидаты, Еуразия гуманитарлық институты қазақ және орыс филологиясы кафедрасының доценті Аманжолова Джемма Болатқызы, Ақмола облысы целиноград ауданы Родина ауылдық округінің әкімі, филология ғылымдарының кандидаты, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің қауымдастырылған профессоры, ҚХА мүшесі Газдиева Белла Асланбекқызы, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы Орталық Азия өңіріндегі этносаралық және конфессияаралық қатынастарды зерттеу орталығының жетекші ғылыми қызметкері, РhD докторы Садуақасова Саида Әсетқызы.

Семинар барысында қозғалған тақырыптарға келетін болсақ, Р.М. Қанапьянова Ресей Федерациясының 2025 жылға дейінгі мемлекеттік ұлттық саясаты стратегиясының жүзеге асырылуы туралы, Р есей Федерациясының қазіргі заманғы акценттері туралы мәселелерді қозғады. Сонымен қатар К. Величков Еуропалық одақтың халықаралық мәдени байланыстар бойынша Стратегиясын негізге алды, Б.А. Газдиева «Көпшілік алдында сөз сөйлеу өнері – бәсекеге қабілетті тұлғаның негізгі дағдысы» атты тренинг ұйымдастырды. Қ.М. Қазкенов «Қазақстандық қоғамды жаңғырту: саяси, экономикалық және рухани» тақырыбымен сөз сөйлесе, Д.Б. Аманжолова мен Н.Ж. Шәймерденова «Болашаққа көзқарас: арманнан адамның рухани мәдениетін құру және қалыптастыруға дейін» атты шығармашылық зертхана жұмысын ұйымдастырды. Сонымен қатар олар «Дәуір және тұлға: дәстүр мен сабақтастықты сезіну арқылы өткеннен бүгінгі күнге дейін» симпозиумын ұйымдастырды.

Семинар-тренингтің барысында А.К. Сәдуақасова семинардың презентациясын өткізіп, «Қоғамдық сананы жаңғырту мен қазіргі заман» тақырыбында баяндама оқып, сауалнама жүргізді.

Тыңдаушылар ретінде Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстары және Астана қаласының этносаралық және конфессияаралық қатынастар, қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлік саласындағы мемлекеттік саясат мәселелерімен айналысатын мемлекеттік қызметшілер, дін істері, тілдерді дамыту басқармаларының мамандары, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, облыстық ҚХА хатшылықтарының меңгерушілері мен мамандары, өңірлік «Қоғамдық келісім» мекемелерінің мамандары, этномәдени бірлестік өкілдері шақырылды.

Өңірлік семинар-тренинг барысында қоғамдық сананы жаңғырту, «Болашаққа бағдар: қоғамдық сананы жаңғырту» бағдарламасын жүзеге асырудағы Қазақстан халқы Ассамблеясының міндеттері, Қазақстандық қоғамды жаңғырту: саяси, экономикалық және рухани мәселелер қарастырылады, этносаясаттың қазіргі акценттері, деструктивті діни ағымдарға қарсы іс-қимыл әдістері, Еуропалық Одақтың халықаралық мәдени байланыстар үшін Стратегиясы, сайлау жүйесін жетілдірудің қазіргі үрдістері талқыланды.

Қатысушылар  «Болашаққа көзқарас: арманнан адамның рухани мәдениетін құру және қалыптастыруға дейін» шығармашылық лабораториясына және «Дәуір және тұлға»: дәстүр мен сабақтастықты сезіну арқылы өткен күннен бүгінге» шекті симпозиумы жұмысына қатысты.

Ақмола облысынан семинар-тренингтің жұмысына Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Жақыпова Марал Қажыкенқызы, ҚХАА жанындағы Аналар кеңесінің төрайымы Қиықова Зере Еспайқызы, «Қазақ тілі мен мәдениеті» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Қиықов Мейрамбек Қиықұлы, Қоғамдық келісім кеңесінің мүшелері, «Қоғамдық келісім» КММ қызметкерлері, Көкшетау қаласының жоғары оқу орындарындағы Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедраларының оқытушылары және т.б қатысты.

Семинар-тренингтің соңында «Еліміздің рухани жаңғыруының негізгі міндеттері мен жүзеге асыру тетіктері» Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын талқылау бойынша дөңгелек үстел ұйымдастырылып, оның аяқталуы кезінде ауқымды семинардың барлық қатысушыларға Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры Ф. Жақыпованың қолымен расталған 26 академиялық сағат көлемінде аймақтық семинар-тренингтің бағдарламасын нәтижелі аяқтағаны жөнінде куәландыратын сертификаттар табысталды.

Жалпы, семинара-тренингтің жұмысы өте мазмұнды болып, қатысушылар түрлі ойындар мен дебаттарды өткізу барысында ерекше белсенділік танытты. Осы уақыт ішінде олар бір бірмен достасып, танысып та үлгерді.

Сейтмағанбетова Жазира Тоқтарқызы,

гуманитарлық ғылымдар магистрі,

«Қоғамдық келісім» КММ баспасөз орталығының маманы