Аудандық Аналар кеңестерінің жұмысы талқыланды
Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының жанындағы Аналар кеңесінің төрайымы Қиықова Зере Еспайқызы өзінің Біржан сал ауданына жасаған сапары барысында Р. Елебаев атындағы Құдықағаш орта мектебінің қабырғасында орналасқан «Еркеназ» қыздар клубының жұмысымен танысты.
Өз сөзінде Зере Еспайқызы бүгінгі қоғам алдында қыз бала тәрбиесі мәсеселі жөнінде тұрған өзекті сұрақтарға тоқталып, қыздар клубтарының болашақ ана саналатын жасөспірімдерге беретін рухани-адамгершілік тәлім-тәрбиесі, ұлттық салт-дәстүр мен әдет-ғұрыптар тұрғысында беретін білім мен білігі жайлы, осы ретте облыстық Аналар кеңесі жүзеге асырып жатқан «Қыз тәрбиесі – ұлт тәрбиесі» бірегей жобасы туралы айтып өтті.
Сонымен қатар кездесу үстінде Аналар кеңесінің алдында тұрған тағы бір маңызды іс, ұрпақтар сабақтастығын нығайту және дамыту жұмыстары бойынша өзге мемлекеттік және қоғамдық, азаматтық ұйымдармен тығыз қарым-қатынас жасай отыра жүзеге асырылатын шаралар туралы да сөз қозғалды. Одан бөлек өскелең ұрпақ пен қазіргі қоғам жастарының бойында отансүйгіштік, жанашырлық, мейірімділік сынды құнды қасиеттерді қалыптастыру мен жетілдіру мақсатында Аналер кеңестерімен жүргізілетін қайырымдылық шаралары, ақпараттық-түсіндіру жұмыстары да талқыланды.
#АқмолаҚХА #АналарКеңесі #АкмолинскаяАНК #СоветМатерей #Еркеназ #Қыздарклубы #Біржансалауданы