«Әйел көшбасшылығы» атты дөңгелек үстел
Бүгін Достық үйінде Қазақстандағы әйелдердің көшбасшылығын ілгерілету, олардың практикалық құралдарын пайдалану, ақпараттық кеңістікте көшбасшы әйелді позициялау, сондай-ақ коммуникациялық дағдыларын жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі М.Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясы мен Ақмола облысының Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесімен бірігіп «Әйел көшбасшылығы» атты дөңгелек үстел өткізді.
«Әйел бейнесі – қоғам бейнесі», «Мягкая сила» в менеджменте», «Даналық – ғылымның бастауы», «Современная женщина: развитие личностного роста» тақырыптары бойынша баяндамалар оқылып, шынайы мақсаттар мен басымдықтарды жүзеге асыруға бағытталған «Генеральная уборка» психологиялық тренингі өтті.