Судьялардың қатысуымен өткен дөңгелек үстел

Сәуір айының 28 күні Көкшетау қаласының Достық үйінде «Ақмола облысы соттарындағы медиация: туындайтын қиындықтар және оларды шешу жолдары» тақырыбында ауданаралық, қалалық және аудандық соттардың судьяларының қатысуымен  дөңгелек үстел өтті.

Отырысты Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының медиация кеңесінің мүшесі, Ақмола облысы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының судьясы Гаухар Әлиханқызы Нұрманова кіріспе сөзбен ашып, жүргізіп отырды.

Қатысушыларға Ақмола ішкі саясат басқармасы жанындағы «Қоғамдық келісім» КММ-нің басшысы Ермек Нұғыманов  құттықтау сөзін арнады.

Сөз алған судьялар медиация жүргізудегі түйткілді мәселелер шешу жолдарын жан-жақты талқылап, ойларын ортаға салды. Алдағы уақытта Ақмола ішкі саясат басқармасы жанындағы «Қоғамдық келісім» КММ-і және Ақмола облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты арасында медиация саласындағы ынтымақтастық туралы меморандум жасау мүмкіндігін қарастыру туралы сөз болды.