Құтқарушылар мен атқару жүйесінің қызметкерлері Достық үйінде

27 сәуірде Достық үйінде «Бірлігіміз-сан алуандықта» жобасы аясында Ақмола облысы төтенше жағдай департаменті және облыстық атқару жүйесі департаменті қызметкерлері үшін кездесу өтті.

Іс-шара барысында «Қоғамдық келісім» КММ қызметкері А.Асқарова құтқарушы және атқару жүйесі қызметкерлерін Қазақстан халқы Ақмола Ассамблеясының қызметімен таныстырып, ҚХА этномәдени бірлестіктері мен қоғамдық құрылымдарының кабинеттеріне экскурсия өткізді.

Кездесу соңында келушілерге Ассамблеяның жұмысы туралы фильм көрсетілді.