Реформалардың табысты болуына кімдер жауапты?

Қазақстан халқы Ассамблеясының  Қазақстан Республикасының Президентінің Қазақстан халқына Жолдауын талқылау бойынша республикалық Бірыңғай күн аясында Қоғамдық келісім сарайында облыстық ассамблея мүшелерінің, этномәдени бірлестіктер, қоғамдық келісім кеңесі және аналар кеңесі өкілдерінің қатысумен дөңгелек үстел отырысы өтті.

Отырысты ашқан Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы төрағасының орынбасары, «Видергебурт» немістер қоғамының төрайымы Светлана Корнеева, Елбасының жыл сайынғы Жолдауларында белгіленген мемлекеттік маңызы бар тапсырмаларды орындауда Ассамблеяның алар орны ерекше екендігіне тоқталды.

Ал Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, «Қазақ тілі мен мәдениеті» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Мейрамбек Қиықов:

«Президентіміздің биылғы Жолдауы осы жерде отырған әрбірімізге бағытталған. Бұл құжатта қазақстандықтардың өмір сүру деңгейін, денсаулық сақтау, білім беру, экономика сынды әлеуметтік маңызға ие салаларды жақсарту жолында жасалуы тиіс жұмыстар көрсетілген. Әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына кіру ісі, мемлекетіміздің жаңа технологияларды меңгеру, ғылымды дамыту, жаңа өндіріс орындарын ашу сияқты мақсаттарды сапалы жүзеге асыруды талап етеді. Аталмыш Жолдаудың ерекшеліктерінің бірі, еліміздегі жас отбасыларға, мүгедек жандарға, зейнеткерлерге қолдау көрсету, халықтық дәстүрлерді жаңғырту және ұстаз беделін арттыру мәселелеріне басты назар аударылғандығы. Осы ретте Президентіміз қоғамдық сананы жаңғырту ісін елімізде тұратын әрбір жан өзінен бастау қажет екендігін атап өтті», – деген  сөздер келтірді..

«Қазақстанның 100 есімі» жобасы жеңімпаздарының бірі, гуманитарлық-техникалық мектеп-лицейінің директоры Наталья Дементьева: Президентіміздің адами капитал – жаңғыртудың негізі екендігі және еліміздің өзіндік озық білім беру жүйесін құру уақыты жеткендігі туралы айтқан сөздері өзіне қатты әсер қалдырғандығын айтты. Сонымен қоса ол өз сөзінде, мемлекет Басшысының мектеп оқушыларына берілетін жүктемелердің ТМД елдері арасында ең жоғары және  ЭЫДҰ елдерінен үш есе артық  екендігі, бұл жағдайды қайта қарастыру қажеттігі туралы ойымен толық келісетіндігін жеткізді. Жолдауда келтірілгендей, соңғы жылдардағы мемлекеттік тілімізге 7 мыңнан аса  кірме сөздер енгендігін және бұл туған тілімізге терминологиялық тұрғыдан ауырлық тудыратындығы туралы ойлардың да дұрыстығын, сонымен қоса бүгінгі күні бұқара халық ортасында талқылынып жатқан латын әрпіне көшу  және жас ұрпақтың жаппай  ағылшын тілін меңгеру істерінің бірден бола салмайтын, белгілі кезеңдермен жүргізілетінін атап өтті.

Келесі болып сөз алған облыстық Қоғамдық келісім кеңесінің және облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ғосман Төлеғұл болса, биылғы Жолдаудың негізгі мазмұнын,   төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы – халықтың өмір сүру деңгейін жақсарту атты  бір ғана  формулаға сыйдыруға болады деген пікір келтірді. Еліміздегі экономика, білім беру, денсаулық сақтау сынды салаларды әлемдік стандарттарға сәйкестендіру қажет екендігіне де айрықша тоқталды. Сонымен қоса пікір иесі, биыл 20 жылдық мерейтойы атап өтілетін қазақстандық ғажайып  – Астанамыз туралы шабыттана сөйледі. Жақында ғана ТМД елдері ардагерлер кеңестерінің екінші дүниежүзілік соғыс нәтижелерін фальсификатциялаушыларға қарсы күрес туралы мәселе көтерілген достастық съезіне қатысқандығын, Қазақстан жерінде соғыс құрбандарының есімдері ұмыт болмағандығын, ал қатысушылар мен елге қайта оралған батырларға лайықты құрмет көрсетіліп, оларды жас ұрпаққа үлгі етіп тәрбиелеп жатқандығын және бұл істерде барша Қазақстан халқын біріктіруші Ассамблеяның рөлі маңызды екендігін айтты.

Өңір дамуына бизнес саласының қосып жатқан үлесі туралы, облыстық кәсіпкерлер Қауымдастығының төрағасы Марат Жұмабаев айтты.   Ол өндіріс индустриясын инновациялау  және технологиялар трансфертін ынталандыру арта түсетендігіне сенім білдірді. Сонымен қоса бюджетті толықтыра отырып, бизнес саласының өкілдері өз туған жерінің дамуына салым жасауы керектігін, ал «Ақылды технологиялар» ауылшаруашылық кешенінің дамуына кепіл екендігін де атап өтті.

Президент Жолдауының –  мемлекетімізде өзіндің озық білім беру жүйесін қалыптастыру туралы бағыты жайында, өз пікірін ҚХАА-ның жанындағы ғылыми-сараптамалық топтың жетекшісі, А.Мырзахметов атындағы университеттің Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасы меңгерушісінің орынбасары, тарих ғылымдарының кандидаты Ардақ Қапышев білдірді:

Президентіміз айтқандай, еліміз жаңа технологияларды енгізу бойынша көшбасшылардың бірі болуы қажет. Бұл жердегі жаңа технология ұғымының астарында, жалғыз ғана өндіріс саласы емес, біздер өмір сүріп отырған қоғамдағы істеп отырған жұмысымыз, азаматтық құқықтарымызды жүзеге асыру, бала тәрбиелеу істерінің барлығы да қамтылған. Бүгін барша әлем Төртінші өнеркәсіптік революция дәуіріне қадам басты. Сондықтан да әлем елдерінде болып жақтан жаңашылдықтың барлығы, біздің елдің де білім беру мекемелеріне сәйкестендіріліп, енгізілу қажет. Бұл дегеніміз әрбірімізге күн сайын тың дүниелерді меңгеріп, талмай еңбек ету қажет деген сөз. Бұған қоса әрбір азамат еліміздің басты құндылықтары болып саналатын қоғамдағы келісім мен достықты сақтау ісіне үлесін қосып отыруы керек. Ол өз пікірін Жолдаудағы  Нұрсұлтан Әбішұлының   – «Тек қана саяси тұрақтылық пен қоғамдық бірліктің арқасында, біздер экономикамызды, саяси жүйемізді және санамызды жаңғыртуға мүмкіндік алдық», – деген сөздерімен аяқтады.

Александра МЯКОТА