Реформаларды іске асыра отыра…
Ақмола облысының Ішкі саясат басқармасының аймақтық коммуникациялық қызметі алаңында 2017 жылдың 24-ші қаңтарында Ұлт жоспары «Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың бес институционалдық реформасын жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадамның» 86-шы қадамы – Қазақстан халқы Ассамблеясының «Үлкен ел – Үлкен отбасы» атты қомақты жобасын іске асырудың барысы туралы қоғамды ақпараттандыру бойынша брифинг өткізілді.
Брифингтің барысында Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы төрағасының орынбасары, «Ақмола облысы поляктарының бірлестігі» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Александр Суховецкий, Ақмола облысы Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы, Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының мүшесі Ғосман Төлеғұл және Ақмола облысы әкімінің аппараты жанындағы «Қоғамдық келісім» КММ қоғамдық-бұқаралық іс-шараларды ұйымдастыру бөлімінің басшысы Ирина Панасюра сынды спикерлер сөз сөйледі.
Спикерлер «Үлкен ел – Үлкен отбасы» жалпы ұлттық жобасын іске асыру», «Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының қызметі», «Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы жанындағы этномәдени бірлестіктердің қызметінде жалпы ұлттық жобаны іске асыру», «Ақмола облысы әкімінің аппараты жанындағы «Қоғамдық келісім» КММ-нің есептік кезеңдегі жұмысы туралы» тақырыптары бойынша мазмұнды ақпаратпен бөлісіп, БАҚ өкілдерінің сұрақтарына жауап берді.
Қазіргі таңда Ақмола облысында 240 Қоғамдық келісім кеңесінің жұмыс істейтінін, оның ішінде 220 жалпы деңгейде 2800 адамды қамтумен ауылдық елді-мекендерде орналасқанын және халықтың өзекті мәселелерін талқылауға, қоғамдық пікірді мемлекеттік органдарға жеткізумен құрылымдық шешімдерді өңдеуге арналған диалогтық алаңға айналғанын атап өткен жөн.
Қоғамдық келісім кеңестерінің өзекті мәселелерінің ішінде – ұлтаралық және конфессияаралық келісімді нығайтуға, қазақстандық отансүйгіштікті тәрбиелеуге, дәстүрлердің жалғасуына, ауылдық елді-мекендердің жағдайын жақсартуға, жағдайы төмен азаматтарға әлеуметтік көмек көрсетуге, салауатты өмір салтын насихаттауға, кәсіпкерлікті дамытуға, ауылдағы жұмыспен қамтамасыз етуге және медиация мәселелеріне арналған сұрақтар бар.
Бақыт Мұхамедрахимова-Тасова,
Ақмола облысы әкімінің
аппараты жанындағы
«Қоғамдық келісім» КММ
баспасөз хатшысы