«Мемлекеттік тілге 7 қадам» жобасы
Достық үйінде Ақмола ассамблеясы Мемлекеттік тілді насихаттау және дамыту орталығы мен «Ассамблея жастары» РҚБ Ақмола облысындағы өкілдігінің ұйымдастыруымен «Мемлекеттік тілге 7 қадам» жобасы аясында дөңгелек үстел өтті.
Іс-шараның мақсаты этникалық топтардың мемлекеттік тілді үйренуге қолжетімділігін одан әрі жеңілдету үшін әлеуметтік желілерде де өз жұмысын жүргізу. Мемлекеттік тілді насихаттау және дамыту орталығы мен «Ассамблея жастары» РҚБ Ақмола облысындағы өкілдігінің жұмысымен жаңа буынды таныстыру болатын.
Аталған шараға қаламыздың әр этностың жастары, оқу орындарының студенттері, колледж оқушылары қатысып, мемлекеттік тілді меңгергендік шеберлігін көрсете отырып, пайдалану аясын кеңейту туралы өз ойларымен бөлісті.