Президенттің бастамасын қолдайық!

Көкшетау қаласының Қоғамдық келісім сарайында 2017 жылдың 2 ақпанында Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы жанындағы Ғылыми-сараптық топтың Көкшетау қ. жоғары оқу орындарындағы ҚХА кафедраларымен бірлескен отырысы өтті.

Іс-шараның ұйымдастырушысы Ақмола облысы әкімінің аппараты жанындағы «Қоғамдық келісім» КММ.

Іс-шараның мақсаты Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 25 қаңтарда жариялаған конституциялық реформаларын талқылау, сонымен қатар Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы жанындағы Ғылыми-сараптық топтың және Көкшетау қ. жоғары оқу орындарындағы ҚХА кафедраларының қызметінің қорытындысын жасау.

Отырысқа Көкшетау қ. жоғары оқу орындарындағы ҚХА кафедраларының профессорлық-оқытушылар құрамы, Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы жанындағы Ғылыми-сараптық топ, Көкшетау техникалық институтының курсанттары, БАҚ өкілдері белсенді қатысты.

Тарих ғылымдарының докторы, доцент Роза Бұқтығұтова ҚР Президентінің конституциялық реформаларын талқылау бойынша сөйлеген сөзінде Мемлекет басшысының бес институционалдық реформаларының бірі – конституциялық реформа туралы, билікті Парламентке кезең бойынша беру туралы, мемлекеттің Конституциясына енгізілген түзетулер туралы ақпаратпен бөлісті. Сонымен қатар, оның ойынша, қазіргі таңда мемлекет басшысының қолындағы билік шектен тыс, мемлекетте кез-келген өзгерістер болған жағдайда ол Мемлекет басшысымен келісу бойынша мемлекеттік бағдарламаларды бекіту, бюджеттің есебінен ұсталатын барлық органдардың қызметкерлерінің еңбегін өтеу және қаржыландырудың біріңғай жүйесін бекіту сияқты уәкілеттіліктерден Үкіметтің пайдасына бас тартып, оның кейбір құқықтары таратылады (Үкімет пен Премьер-Министр актілерін уақытша тоқтату), бірақ соның өзінде елбасының заңнамалық бастама құқығы сақталып қалады.

«Мемлекеттік органдардың қызметі бақылаусыз қалмау үшін, Президентке конституциялық құқықтарды, адам мен азаматтың бостандығын қорғауды іске асыру қажет болған жағдайда Конституциялық Кеңеске жүгіну сияқты басқа уәкілеттілік тағайындау ұсынылады. Конституцияның кепілі Президент болып қала береді – ең бастысы осы. Біз билік қатынастарының ескі моделінен алыстап, жаңа жағдайларға бейімделіп келеміз. Осы мағынада алдағы өзгерістердің жағымды белгі екені рас», – деп Роза Сабырқызы қорытындылады.

Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің жалпы тарих және философия кафедрасының аға оқытушысы, тарих магистрі Раушан Жүсіпованың және Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің халықаралық қатынастар, тарих және әлеуметтік жұмыс кафедрасының оқытушысы Риззат Елубаевтың баяндамалары мазмұнды болды.

Сонымен қатар іс-шарада Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы жанындағы ғылыми-сараптық топтың (ҒСТ) қызметі бойынша ұйымдастырушылық мәселелер қарастырылды: қатысушылар ҒСТ ережесімен танысты, ҒСТ төрағасын, төрағаның орынбасарын және хатшысын сайлау үрдісі өтті. Ғылыми-сараптық топтың төрағасы болып ҚХА кафедрасы меңгерушісінің орынбасары, Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің халықаралық қатынастар, тарих және әлеуметтік жұмыс кафедрасының меңгерушісі Қапышев Ардақ Қайыржанұлы, ҒСТ төрағасының орынбасары болып – Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің халықаралық қатынастар, тарих және әлеуметтік жұмыс кафедрасының аға оқытушысы, педагогика ғылымдарының магистрі Свинарчук Анна Ивановна, ҒСТ хатшысы болып – Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің жалпы тарих және философия кафедрасының аға оқытушысы, тарих магистрі Жүсіпова Раушан Құрманғалиқызы тағайындалды.

Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы жанындағы ғылыми-сараптық топтың отырысында Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы хатшылығының бас маманы Жаңыл Әлтекова және Ақмола облысы әкімінің аппараты жанындағы «Қоғамдық келісім» КММ жанындағы ғылыми-сараптық бөлімнің басшысы Динара Мұхамбетова сөз сөйледі.

«Барлық ақпаратты қорытындылай отыра, біз биліктің барлық сатыларының мемлекет халқы алындағы жауапкершілігі мен уәкілеттілігін арттыру бойынша Мемлекет басшысының бастамасын толық қолдаймыз. Біз Қазақстан халқының гүлденуі мен дамуы жолындағы Президенттің жаңа бастамасының дұрыстығына сенімдіміз!»,- деп іс-шараның модераторы Жаңыл Әлтекова қорытынды жасады.

Іс-шараның қорытынды бөлігінде қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің Қазақстандық моделіне арналған Көкшетау қ. жоғары оқу орындарының жас ғалымдары арасындағы ғылыми жобалар байқауының және ғылыми жобалардың республикалық байқауының аймақтық кезеңінің қатысушыларын марапаттау салтанаты өтті.

Марапатқа ие болғандар: филология ғылымдарының кандидаты, Ш.Уәлиханов атындағы КМУ доценті Жайлагүл Сағындықова, №13 «Экос» мектеп – гимназиясының әлеуметтік педагогы – Тамара Кубрина, педагогика ғылымдарының кандидаты, Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің халықаралық қатынастар, тарих және әлеуметтік жұмыс кафедрасының аға оқытушысы Анна Свинарчук, медицина ғылымдарының кандидаты, Ш.Уәлиханов атындағы КМУ профессоры Маржан Мырзаханова, Астана қ. медициналық университетінің 2-ші курс студенті Асмина Күшкімбаева, Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің халықаралық қатынастар, тарих және әлеуметтік жұмыс кафедрасының оқытушысы Риззат Елубаев, гуманитарлық ғылымдар магистрі, тілдік және психологиялық дайындықтың әлеуметтік-гуманитарлық пәндері кафедрасының оқытушысы, Көкшетау техникалық институтының азаматтық қорғау аға лейтенанты Жәнібек Ерғалиев.

Аймақтағы ұлтаралық келісім мен ұлттық бірлікті дамыту мен нығайтуға үлкен үлес қосқаны үшін Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасы меңгерушісінің орынбасары, Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің халықаралық қатынастар, тарих және әлеуметтік жұмыс кафедрасының меңгерушісі Ардақ Қапышев, отан тарихы және Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасының меңгерушісі, тарих ғылымдарының кандидаты, Шоқан Уәлиханов атындағы КМУ доценті Гүлнар Қаженова, Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің жалпы тарих және философия кафедрасының аға оқытушысы, тарих магистрі Раушан Жүсіпова,  тарих ғылымдарының докторы, доцент Роза Бұқтығұтова ерекше құрметке бөленді.

Бақыт Мұхамедрахимова-Тасова,

Ақмола облысы әкімінің

аппараты жанындағы

«Қоғамдық келісім» КММ

баспасөз хатшысы