Медиация туралы әңгімелесейік…
Азаматтардың әділеттілікке қол жеткізуін жеңілдету, құқықтық алаңдағы әлеуметтік жанжалдарды шешу қажеттілігі және қоғамдық келісімді сақтау мемлекет саясатының басты басымдылықтары болып қала береді.
Даулы мәселелерді бейбіт жолмен реттеу бойынша түсіндіру жұмыстарының маңыздылығын аңғара отыра, халықаралық құқық қорғау орталығы ҚР Жоғарғы Сотының сотқа дейінгі міндетті медиацияны енгізу бойынша пилоттық жобасына қатысады.
1997 жылы Қазақстан халқы Ассамблеясының тоғыз ұлттық-мәдени орталықтарының бастамасымен құрылған Халықаралық құқық қорғау орталығы (ХҚО) халыққа құқықтық және медиациялық көмек көрсетеді.
Ақмола облысы әкімінің аппараты жанындағы «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 2017 жылғы 4 наурызда «Даулар мен жанжалдарды шешудегі медиация негіздері. Міндетті сотқа дейінгі реттемелеу» семинар – жаттықтыру сабағын ұйымдастырды.
Семинардың жүргізушісі – Аслматы қаласындағы «Халықаралық құқық қорғау орталығы» қоғамдық бірлестігінің президенті, ТМД экономикалық сотының халықаралық делдалы, Қазақстан медиаторлары қауымдастығының бас директоры, бапкер-медиатор Жанділдә Жақыпов медиация үрдісі, оны өткізу тәртібі және даулар мен жанжалдарды шешудегі медиатордың рөлі туралы толығырақ айтып берді. Ақмола облысы этномәдени бірлестіктерінің өкілдерінен, тәжірибе жинақтаушы заңгерлерден, нотариустардан, қорғаушылардан, төрешілерден, қызметтері азаматтарды қабылдаумен, шағымдар мен өтінімдерді қарастырумен байланысты үкіметтік емес ұйымдардың қоғамдық қабылдау бөлімдерінің қызметкерлерінен құрылған тыңдаушылар ортасы оның мазмұнды баяндамасынан медиацияны пайдалану салалары, азаматтық, ұжымдық, қылмыстық, отбасылық, еңбектік, ұлтаралық, діни, әлеуметтік жанжалдарды реттеудің ерекшеліктері туралы ақпарат алып, кәсіби дәрісшінің тәжірибелік мысалында келісім комиссияларындағы еңбек дауларының тәртібін қарастырды.
Іс-шараға халық медиаторы, қызметтен кеткен төреші Ғайша Сыздықова қатысты.
Ақмола облысы әкімінің аппараты жанындағы «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде медиация кабинетінің жұмыс істейтінін атап өткен жөн. Қабылдауды кәсіби және халық медиаторлары іске асырады, әрбір жұма сайын халық үшін тегін кеңес беріледі, сенім телефоны жұмыс істейді. Кабинеттің қызмет етуі уақытында 15 медиациялық келісім жасалды.
Бақыт Мұхамедрахимова-Тасова,
Ақмола облысы әкімінің
аппараты жанындағы
«Қоғамдық келісім» КММ
баспасөз хатшысы