Бәрімізге ауыр тиіп отыр…
Құрметті отандастар!
Костенко атындағы шахтада болған апат бәрімізге ауыр тиіп отыр.
Біздің отандастарымыздың өмірден өтуіне байланысты бұл қаралы қазаның ауыртпашылығын сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес.
Әкесінен, ағасынан, ұлынан айырылып, қара жамылып отырған жандарға қайғырып көңіл айтамыз. Марқұмдардың иманы саламат болсын.
Зардап шеккен кеншілердің тезірек сауығып кетулеріне тілектеспіз.
Өздеріңізге қолдауымыз мен ниеттестігімізді білдіреміз.
Бұл қасіреттің салмағын барша Қазақстан халқы өздеріңізбен бөлісіп көтереді.
Алдағы уақытта мұндай қайғылы оқиғалар ешқашан қайталанбасын.
Қазақстан халқы Ассамблеясы