«Көкше» телеарнасы жанындағы қалалық кітапханада «Отбасы-бақыт мекенім» тақырыбында кездесу өтті

Елбасы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында Жаңғыру жолында бабалардан мирас болып, қанымызға сіңген, бүгінде қанымызда бүлкілдеп жатқан ізгі қасиеттерімізді қайта түлетуіміз керек»,- екенін атап көрсетті.

«Көкше» телеарнасының жанындағы қалалық кітапханада «Отбасы-бақыт мекенім» тақырыбында Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің төрайымы Зере Қиықова мен Ақмола ҚХА жанындағы «Қазақ тілі мен мәдениеті» ҚБ-нің төрағасы Мейрамбек Қиықовпен кездесу өтті. Қазіргі жастарымызға үлгі боларлықтай ғұмыр кешіп жатқан: шаңырағы биік, босағасы берік Қиықовтар отбасысы өз өмірлік тәжірбиелерімен бөлісіп, ақыл-кеңестерін берді.

Кездесу ашық диалог форматында өткендігімен қызықты болды. Оқырмандар ойда жүрген сұрақтарын қойып, ой-пікірлерімен бөлісті. Әсіресе отбасының іргесін берік ұстаудың жолдары, гендерлік саясат тақырыптары өте қызу талданды. Сонымен қатар оқырмандар «Рамазан Елебаевтың елі» кітабына деген қызығушылықтарын жасырмады. Мейрамбек Қиықовтың авторлығымен шыққан кітаптың шығу тарихы да ерекшелігімен есте қалардай.

Іс-шараның соңында оқырмандар уақытын арнап келген қонақтарға алғысын білдіріп, жылы лебіздерін жеткізді.