Медиация кабинетінің ашық есік күні
3 қарашада Көкшетау қаласының Халыққа қызмет көрсету орталығында Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының «Медиация кабинетінің ашық есік күні» өтті.
Бұл күні орталыққа келушілер Ақмола облысы бойынша «Халықаралық Медиация орталығы» ҚБ директоры Талғат Бейсембаевтан, кәсіби медиаторлар Самал Ильясова және Гүлмира Ойнаровадан ҚР Заңнамасы бойынша түсініктемелер, сондай-ақ азаматтық, еңбек және отбасылық қатынастар саласындағы жанжалды жағдайлар мен даулар мәселелерін шешу бойынша кеңестер ала алды.