Оқушыларға саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандары туралы
29 мамыр күні Ақмола облысының ішкі саясат басқармасы жанындағы «Қоғамдық келісім» КММ-де Көкшетау қаласындағы мектеп оқушыларына саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне арналған іс-шара ұйымдастырылып, өткізілді.
Іс-шара жұмысына Ақмола облысы бойынша (1920-1950 жж.) саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық актау жөніндегі жұмыс тобының және Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының ғылыми-сараптамалық тобының мүшелері, этно-мәдени бірлестіктердің басшылары мен қуғын-сүргінге ұшырағандардың ұрпақтары және Ақмола облысы ішкі саясат басқармасы жанындағы «Қоғамдық даму» КММ-і өкілдері қатысты.
Қатысушылар репрессия мен ашаршылық кезеңіне қатысты тың деректерді біле алды.