Жомарт іс

«Алғыс айту күні мейірімділіктің, достықтың, барлық қазақстандықтардың бір-біріне деген сүйіспеншілігінің жарқын мерекесіне айналуы тиіс»

Н.Ә. Назарбаев

Заурбек Яндиев  12 жаста. Ол туа біткен аяқ солпылығымен дүниеге келген, бірақ табандылықтың, спорттың арқасында бала өз ауруын жеңді. Айыққан соң, ол дәл осындай науқасқа шалдыққан балаларға көмек көрсетуге шешім қабылдайды.

Ол үшін өз ісін ашып, термо жапсырмалары бар өнімдер – жеңіл жейделер, ыдыстар және т. б. шығара бастады.  Түскен ақшаның бір бөлігін қайырымдылық қызметке бағыттады. Жақында ортопед  дәрігерлер арқылы туа біткен аяқ солпылығымен  ауыратын баланы іздеп тапты. Бұл Бурабай ауданы, Кенесары ауылында тұратын 10 жасар Бақтияр Беспай. Заурбек оған аяқ киім, өз қолынан шыққан өнімдерін сыйға тартты. Бахтиярдың анасы Әбдіғапарова  Рахима ингуш баланың ықыласына разы болып, оның мейірімділігі мен жомарттығы үшін шын жүректен алғысын білдірді.