«Вайнах-тан» жаңажылдық ертеңгілік
27 желтоқсан күні Достық үйінде «Вайнах» шешен-ингуш орталығының балаларға арналған жаңа жылдық ертеңгілігі өтті.
Аяз ата мен Ақшақар қыз қонақтарды мерекемен құттықтап, түрлі ойындар ұйымдастырды. Дайындалған жаңажылдық қойылым балалардың көңілінен шықты және барлығы үйлеріне тәтті сыйлықтар алып қайтты.