Ақмола облысында Наурыз мейрамы өтті!

Ағымдық жылдың 21-ші наурызы Ақмола облысының тұрғындары Наурыз мейрамын көңілді және жарқын сайранмен өткізді.

Бұл күн өзінің жарқыраған күнімен, талантты әртістердің жарқын театрландырылған өнерлерімен, көңілді әуенмен, түрлі түсті шарларымен, үлкен жасанған қуыршақтарымен, мерекелік сауда-саттықпен, спорт жарыстарымен Көкшетаудың тұрғындары мен қала қонақтарының есінде ұзақ қалатын болды.

Облыстың этномәдени бірлестіктерінің өкілдері әдемі ұлттық киім киіп, Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы төрағасының орынбасары, ҚХАА Хатшылығының меңгерушісі Марал Жақыпованың және Ақмола облысы әкімінің аппараты жанындағы «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Мұнарбек Батырхановтың басшылығымен қалалық мәдениет пен демалыс саябағының кіре берісіндегі қақпаның астында Ақмола облысының әкімі Мәлік Кеңесбайұлы Мырзалинді қонақжайлы қарсы алды. Шығыс күнтізбесі бойынша жаңа жыл – Наурыз мейрамы қарсаңында облыстың жаңа әкімін қарсы алу ҚХАА-ның Ассамблеяның басты міндеті – мемлекеттік ұлттық саясатты нығайту, республикадағы қоғамдық – саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету, ұлтаралық қатынастар саласындағы мемлекет пен азаматтық қоғам институттарының тиімді өзара әрекеттестігін арттыру бойынша әрі қарай жемісті жұмысына үлкен сенім артады.

Наурызды тойлау, әсіресе Тәуелсіздік алаңындағы театрландырылған қойылым ақмолалықтардың жадында ұзақ уақыт сақталатын болды. Ондағы ең жақсы әртістер табиғаттың жаңаруын, Жерге құлпырған сұлу көктемнің келуін әсерлі түрде көрсетіп, Наурызға байланысты ұлттық дәстүрлер мен ойындарды қойылым арқылы ұсынды. Көрермендер үлкен ақ түйенің үстіне мінген Қадыр-атаны, айбарлы құстары бар бүркітшіні, наурыз көже ұстаған ұлттық киімдегі сұлуларды қуанышпен қарсы алды.

Облыс әкімі Мәлік Кеңесбайұлы келген азаматтар мен барша қонақтарды табиғаттың оянуын, оның жаңаруын білдіретін Наурыз мейрамымен құттықтады.

«Қазіргі таңда, Наурыз мейрамын жиырма алтыншы рет тойлай отыра, біз қайта өркендеген Наурыз тарихы – ол Тәуелсіз Қазақстанның тарихы екенін сеніммен айта аламыз. Өз рухымыздың бірлігі, ынтымағы мен беріктігі арқасында біз еліміздің егемендігіне, экономикалық дамуға  қол жеткізіп, азаматтық келісімді сақтап қалдық. Бүгінгі күні бізге әлемнің Мемлекет басшысымен қойылған 30 дамыған мемлекеті қатарына кіру міндетін сәтті шешу бойынша жаңа жоспарларды іске асыру қажет. Индустриалды дамудың жаңа бес жылдығы және «Нұрлы Жол» бағдарламасы басталды. Өткен жылы бюджеттік ұйымдар мен мемлекеттік қызметкерлердің әлеуметтік өтемақылары, зейнетақылары, еңбек ақылары артты. Қазіргі ауыр жағдайда кез-келген мемлекет өз халқына осындай кепілдіктер беруге дайын емес екенін өту керек. «Нұр Отан» париясы съездерінің бірінде сөз сөйлей отыра, Мемлекет басшысы Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев былай деген: «Біріңғай болашақ ұлты – ол біз, қазақстандықтармыз.  Осымен бәрі айтылған. Ұлттар арасында ешқандай бөлуші белгілер болмауы тиіс: біз – қазақстандықтармыз!». Халықта айтатындай: «Бірлік болмай, тірлік болмас!» – яғни, «Бірлік бар жерде өмір бар». Бірге, ынтымақта ғана біз барлық жоспарларға қол жеткізе аламыз»,  – деп Мәлік Кеңесбайұлы өз сөзінде атап өтті.

Ақмола облысы әкімінің

аппараты жанындағы

«Қоғамдық  келісім» КММ

баспасөз орталығы