«Ұлттық Сезім» флешмобы
Бүгін «Ұлттық Сезім» атты жалпыұлттық флешмобының басталуы!
«Ұлттық сезім» – ұлттық киімнің сән-салтанатын көрсететін жалпыұлттық флешмобы.
Бастама қазақ мәдениетін насихаттауға, халықты біртұтас коғамдастықтың бөлігі болуға және ұлттық бірегейлікті жандандыруға өз үлесін қосуға шабыттандырады.
Флешмобты Қазақстанның 82-ден астам ірі компанияларының басшылары енгізді.
1 желтоқсанда осы ұйымдардың әрқайсысының қызметкерлері мен өкілдері «Ұлттық сезімнің» алғашқы қатысушылары болды.
Облыстық мәслихат депутаты, «Санги-Кабуд» тәжік этномәдени орталығының жетекшісі Умар Шоназаровтың қолдауымен Көкшетау қаласында орналасқан «Новопэк» ЖШС-і осы игі шараны өткізуде.
Айта кетерлігі, тек жұма күнімен шектелмей, қызметкерлер қалаған кез-келген күні ұлттық киімде, әшекейде келе алатын болады.