«Менің Отаным – Менің Қазақстаным»

ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясында Жақсы ауданында «Менің Отаным – Менің Қазақстаным» облыстық конкурсының аудандық кезеңі өтті.

Байқауға 12 сәндік-қолданбалы өнер шеберлері қатысты, олар көркем суреттер, былғарыдан, киізден, металдан және ағаштан жасалған бұйымдар ұсынды.  Байқау жеңімпаздары «Қоғамдық келісім» КММ алғыс хаттарымен, естелік сыйлықтармен марапатталды.