Мерекелеріңізбен! Қазақстан халқының бірлігі күнімен! Бірінші мамыр құтты болсын!
– Абылай хан алаңында көкшетаулықтар мен қаланың қонақтары бір бірін түрлі тілдерде қарсы алып жатты. Бейбітшілік пен жақсылық туралы шынайы тілектер барлығына аудармасыз да түсінікті.
Мерекелік бағдарламаның салтанатты ашылуына дейін этномәдени бірлестіктер дайындаған алаңдарда қазақ, орыс, кавказ, армян, өзбек, неміс әндері естіліп жатты… Ал жайылған дастархандар мерекеге келгендерді қуантып жатты. Ескі салт бойынша дайындалған ұлттық тағамдар қонақтарға өте ұнады.
Көптеген адамдар облыстық поляк этномәдени бірлестігі алаңында жиналды. Бізді күнде тойға шақыра бермейді ғой. Қалыңдық пен күйеу жігіт өз рөлдерін жоғары дәрежеде сомдап, қонақтар өте көңілді, тіпті поляктардың той тойлау салтының жасанды екені байқалмай кетті.
Сағат 11-де мереке бастау алды. Сахнада жүргізушілердің алғы сөздері естілді: «Келісім мен бірлік, Отанның тағдырына ортақ жауапкершілік – Қазақстан халқы күшінің басты көздері және ертеңгі күнге деген сенімділік».
Облыс әкімі Мәлік Мырзалин: «Біз еңбекте де, қайғыда да, салатанатты күндерде де біргеміз» деп айтап өтті. Біздің халқымыздың бірлігінің айрықша күніне айналған мерекемен құттықтай отыра, Мәлік Кеңесбайұлы біздің жалпы ұлттық патриотизм негіздерінің біріне айналған «Туған жер» бағдарламасына назар аударды.
«Біздің шағын ортанымыз – Ақмола өлкесінің ерекше тарихи өткені бар. 1824 жылғы 24 сәуірден бастап өткен екі жүз жылдық ішінде біздің Көкшетау бастау алған қоныс керемет заманауи қалаға айналды. Мен келесі жылдан бастап осынау керемет көктемгі күндердің бірінде Қала күнін бекітуді ұсынамын» деп, облыс әкімі ұсыныс жасады.
Оның тарих сабақтарын есте сақтай отыра, уақыт жібін үзбей ақ, біз болашаққа сенімді қадам басамыздеген сөздерін мерекенің қатысушылары ду қол шапалақпен қарсы алды. Оған қоса оның: «Адамдар өздерінің ең жақсы қасиеттерін су тасқынынан екі апта бұрын зардап шеккендерге көмектескен кезде көрсетіп өткен. Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы ауқымды қайырымдылық акциясының бастамашысына айналды. Мемлекетіміздің барлық аймақтарынан гуманитарлық көмек келім, арнайы шотымызға азаматтардың, ұжымдардың ерікті көмектері түсіп жатты» деп айтқаны бар.
– Біздің ортақ арманымыз бар – ол біздің Отанымызды гүлдендіру. Біз – ақмолалықтар – біздің аймақтың және жалпы мемлекеттің тұрақты дамуын қамтамасыз ету үшін барлық мүмкіндіктерді пайдалануымыз керек. Бізге болсақ қана біз мәңгі, гүлденуші Қазақстан – Мәңгілік елді құра аламыз! Біздің бірлігіміз әрқашан жарассын, – деп Мәлік Мырзалин өз сөзін аяқтады.
«Ынтымағы жарасқан, туған өлкем – Қазақстан» атауындағы мерекенің бірінші бөлігінде қазақ мифологиясындағы Самрұқ құысы бостандықтың, мақтаныштың, бақыттың символына, Қазақстанның өткені мен бүгіні арасындағы байланыс сатысына айналды. Бидің тілімен қаланың ең жақсы би ұжымдары осыны жеткізе білді.
Мерекенің екінші бөлігінде алаңға 200 бала шығып, өздерінің «Солнце мира, солнце счастья» атауындағы музыкалық-хореографиялық өнерін көрсетті.
Композицияның соңғы бөлігінде – «Достық – біздің тірегіміз!» – Целиноград ауданынан келген Аян мен Құттықыз Айдосовтардың орындауындағы «Елбасы туралы» әні шырқалды. Ең соңында «Қазақстаным» әнін орындаған Зеренді ауданының әншісі Сералы Байдалиевке ән ұжымдары қосылды. Көк аспанға ұшқан 1000 үрленген шар көріністің ең жарқын мезетіне айналды.
Ал мереке кешке дейін жалғасты. Көкшетаулықтар отбасыларымен бірге келіп жатты. Іші пысқандар болған да жоқ, әрбіреу үшін жасы мен шамасына қарай ойын-сауық табылып жатты.
Облыстық оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен өткізілген «Полиглот» тіл алаңының жас қатысушылары 50 сыйлыққа ие болды, оның ішінде қазақ және орыс тілдеріндегі балаларға арналған кітаптар да бар. Анаграммаларды шешіп, секіргіштен секіріп, үш тілде есеп жүргізіп, «Мені түсін» байқауында қазақ тілінде жұмбақтар шешілді. №8 ОМ оқушысы Катя Яковлева: «Маған қиын болған жоқ. Мен енді мемлекеттік тілді одан да жақсы үйренуге тырысамын», – дейді.
Мерекенің қатысушылары ұзақ уақыт бойы балалар көркемдік мектебі оқушыларының және Ш.Уәлиханов атындағы КММ көркемдік-кескіндемелік факультеті студенттерінің шығармаларын, халық кәсібі шеберлерінің бұйымдарын тамашалады. Осының барлығы мерекелік концерттің әуендерімен жетектелді.
Қырғызстан мен Қарағанды облысынан өздерінің ағасының мерейтойына келген Синяковтар отбасы осы жаққа келіп, Көкшетау қаласымен танысып, осындай керемет іс-шараға қатысқанына қуаныштарын білдіріп жатты: «Қалаларыз қандай жақсы, таза, адамдары жақсы, көңілді екен».
НИНА МИТЧИНОВА