Мерейтой иесін құттықтау

А. ж. 23 қараша күні «Қоғамдық келісім» КММ Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі М. Ю. Тохаеваға құрмет көрсетілді.

Облыс әкімінің орынбасары А. Е. Мысырәлімова мерейтой иесіне облыс әкімі, ҚХАА төрағасы Е. Б. Маржықпаевтың атынан Алғыс хат табыс ете отырып, оның  жемісті жұмысы мен Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының дамуына қосқан зор үлесін ерекше атап өтті.

Сонымен қатар, Марзият Юсуповнаның атына «Nur Otan» партиясы облыстық филиалы төрағасының орынбасары Ғ. М. Бекмағамбетов, өңірлік этномәдени бірлестіктердің басшылары жылы құттықтаулар айтып, ол кісінің жоғары кәсібилігін, орасан зор жасампаздық күш-қуатын, іске деген адалдығы мен жауапты көзқарасын атап өтіп, мерейтой иесіне мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр, бақыт және  амандық тіледі.