Сынып ата-аналары арасында жиналыстар өткізілуде
Ағымдағы жылы сәуір айының 10-жұлдызынан №2 мектеп лицейінде 1-11 сынып ата-аналары арасында жиналыстар өткізілуде.
Ата-аналар жиналысы Ақмола облысы Көкшетау қаласының Аналар кеңесі, «Сенімен болашақ» РҚБ, «Әйелдер күші Альянсы» және т.б ұйымдардың қатысуымен өткізілуде.
Бүгін 1-2 сынып ата-аналары алдында, Туранова Раушан Сәлімқызы, Көкшетау қаласының Аналар кеңесі мүшесі, Ақмола облысы бойынша Әйелдер күші Альянсының орынбасары, Amanat партиясының Акмола облысы бойынша Әйелдер қанатының «Инклюзивті қоғамның дамуына жәрдемдесу» III басым бағытының үйлестірушісі, «Qolqanat» әлеуметтік жобасының негізін қалаушысы мен Буранова Гулжайна Аширбековна, «Ерекше Өмір» қоғамдық қоры мен реабилитациялық орталығының негізін қалаушы, ерте жастағы түзету жұмыстарының үйлестірушісі, дефектолог сөз сөйледі.
Спикерлер Qolqanat әлеуметтік жобасының Дүниежүзілік аутизм мәселесі туралы ақпарат тарату айлығы аясында ата-аналарды Аутизм дертімен таныстырды.