Ұстаздармен кездесу

Meeting with Kokshetau teachers

Ұстаздар күні – Қазақстан күнтізбесіндегі ерекше мерекелердің бірі. Бұл күні біз көп уақытын жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеуге арнаған ұстаздарымызға құрмет көрсетеміз.

7 қазан күні «Қоғамдық келісім» КММ қоғамдық келісімді қамтамасыз ету және Қазақстан халқының бірлігін нығайту бойынша мемлекеттік саясатты іске асыруға риясыз үлес қосып жүрген Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті және  А. Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедраларының оқытушы-профессорлар құрамдары, сондай-ақ  «Шаңырақ» тілдерді оқыту клубының мұғалімдерімен кездесу өтті. 

Мұғалімдерді облыстық Достық үйі басшысының м.а. К. Ә. Жұмаенова құттықтап, оларға гүл шоқтары мен естелік сыйлықтар табыс етті. Кездесу өте жылы, еркін жағдайда өтті, оның барысында қатысушылар Қазақстан халқының тілдері мен мәдениетін одан әрі дамыту, қазақстандық бірегейлік пен бірлікті нығайту және дамыту бойынша пікірлерімен алмасты.

Meeting with Kokshetau teachers