Оқушылармен кездесу

А.ж. 22 қарашасы күні  Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының мүшесі, “Лад” славян қозғалысы” РҚБ төрағасы М. Б. Крамаренко және Ақмола облысы поляктар бірлестігі басшысының орынбасары П. А. Лендель өңірлік  дін істері басқармасы жанындағы “Конфессияаралық қатынастарды талдау және дамыту орталығы” КММ ақпараттық тобы құрамында Жоғары қазақ гуманитарлық-техникалық колледжінің студенттерімен діни экстремизмнің алдын алу мәселелері бойынша кездесті.

Максим Борисович өзінің діни экстремизмнің әртүрлі нысандарына қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық ұйымының қызметі туралы айтып, Құдайға деген сенім туралы ұрандарды жасыра отырып, өздерінің саяси және экономикалық мүдделерін көздеп, қарапайым азаматтарды заңсыз әрекетке тартатын экстремистік ұйымдар басшыларының қызметі туралы түсінік берді.

Лендель өз қоғамдық ұйымы жастармен жүргізетін жұмысы туралы айтты.