Атбасар студенттерімен кездесу

Бүгін Атбасар ауданына Ақмола ассамблеясының ақпараттық-түсіндіру тобының сапары барысында Атбасар аграрлық-индустриялық колледжінің студенттерімен кездесу өтті.
Шара барысында «Қоғамдық келісім» КММ талдау және мониторинг бөлімінің басшысы А.К. Раев жиналғандарға ҚХАА, Медиация кеңесінің қызметі туралы айтып, этносаралық қатынастарға қатысты профилактикалық әңгіме өткізді. Сондай-ақ, ол әлеуметтік желілерде сепаратизмге, ксенофобияға және т.б. шақырулар сияқты деструктивті көріністерге жүргізілген мониторинг туралы айтып, жастарды осы прецеденттерден сақ болуға шақырды және қызықтырған сұрақтарға жауап берді.
Бұдан әрі, Ақмола облысы ішкі саясат басқармасының этносаралық қатынастар мәселелері бөлімінің бас маманы Ж.К. Сыздықов Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 174 және 180-баптары бойынша жауапкершілікті түсіндірді. Кейін «Атбасар ауданының ЖРО» КММ басшысы К. Е. Рысбекова мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асырылуы туралы айтып берді.
Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының мүшесі Э.Кулиев даулар, жанжал және т. б. жағдайлары туындаған кезде этникалық сипатқа көңіл бөлуіне жол бермеу туралы түсініктеме берді, студенттерге оқуда және өмірде табыс тіледі.
Іс-шара соңында этносаралық қатынастар тақырыбы бойынша тақырыптық роликтер көрсетіліп мен әдістемелік материалдар таратылды.