Парламент депутатымен кездесу

Бүгін Достық үйінде Парламент Мәжілісінің депутаты, заңнама және сот-құқықтық реформа Комитетінің мүшесі Н.Дементьева Ақмола ассамблеясының этномәдени бірлестіктері және қоғамдық құрылымдары өкілдерімен кездесу өткізді.
Шара барысында Наталья Григорьевна Мәжілісте қаралып жатқан масс-медиа, отбасылықжәне тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы заң жобаларымен таныстырып, осы тақырыптар жайлы ұсыныстар естігісі келетінін айтты.
Диалог форматында өткен кездесу барысында қатысушылар өз пікірлері мен ұсыныстарын ортаға салды.
Кездесу соңында Н.Дементьева алдағы жұмысында айтылған ұсыныстарды міндетті түрде Парламенттегі жұмысында пайдаланатынына жерлестерін сендірді.