Медиация кеңесінің отырысы

А. ж. 11 маусымда Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы жанындағы Медиация кеңесінің отырысы өтті.

Кеңестің мақсаты – медиация институтын дамыту, медиация бойынша облыстық Ассамблеяның қоғамдық құрылымдарының қоғамдық келісім саласындағы қызметін үйлестіру және жүйелеу.

«Қоғамдық келісім» КММ басшысының орынбасары А. М. Раисов өз сөзінде, бүгіндері медиация Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы қызметінің басым бағыттарының бірі ретінде,  дауларды реттеудің, қоғамдағы этносаралық қақтығыстарды шешудің маңызды құралы болып табылатынын атап өтті.

Отырыс барысында  24 адамнан тұратын ҚХАА жанындағы Медиация кеңесінің жаңа құрамы жасақталды. Оған Ақмола облысының судьялары, кәсіби және кәсіби емес медиаторлары кірді.

Жалпы дауыс беру арқылы Кеңес төрайымы – кәсіби медиатор «Халықаралық медиация орталығы» РҚБ мүшесі Нұржанова Жәмиля Дулатбекқызы, сондай-ақ оның орынбасары Аманжолова Г. А. сайланды.

Сайланған Кеңес өз жұмысында Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының жанындағы Медиация кеңесі туралы Ережені басшылыққа алатын болады.