Аналар Кеңесінің жиыны

Ұлттың ұлт болып қалыптасуында аналардың алатын орны ерекше.
Қазақстан халқы Ассамблеясы жанынан құрылған Аналар кеңесінің отбасы институтын нығайтудағы аналар кеңесінің рөлін арттыру, отбасылық құндылықтарды насихаттау бойынша атқарып жатқан қызметтері ұшан теңіз.
6 желтоқсанда ZOOM режимінде Достық үйінде ҚХАА жанындағы Аналар кеңесінің есеп беру – сайлау отырысы өтті.
Облыстық, қалалық, аудандық аналар кеңестерінің төрайымдарының қатысуымен өткен отырыстың модераторы жобаларды жүзеге асыру және ҚХАА құрылымдарымен жұмыс бөлімінің басшысы – Сванкулова Әсел Боранбайқызы болды.
Жәзиева Айнагүл Сабырбекқызы Аналар кеңесі төрайымы ретінде бірнеше жылдар бойы атқарған қызметі үшін алғыс айтылып, «Қоғамдық келісім» мекемесінің Алғыс хаты табысталды.
Отырыс қорытындысы бойынша, Қазақстан халқы Ақмола Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің төрайымдылығына Жахина Айнұр Құрманбайқызының кандидатурасы ұсынылып, бірауыздан қолдау тапты.