Шортанды кентіндегі кездесу
Ағымдағы жылдың 10 қазанында Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының ақпараттық-түсіндіру тобы Шортанды ауданының Шортанды кентінің жұртшылығымен кездесу өткізді.
Топ құрамына ҚХА этномәдени бірлестіктері мен қоғамдық құрылымдарының басшылары енді.
«Қоғамдық келісім» КММ-нің басшысы Ермек Нұғыманов тыңдаушыларды Қазақстан халқы Ассамблеясын дамытудың жаңа Тұжырымдамасымен таныстырып, ҚХА өз қызметін қайта форматтағанын атап өтті. Қазіргі уақытта оның мәдени-бұқаралық іс-шаралардан жұмысында басты назар ағартушылық қызметке, ұлттық бірегейлік пен халық бірлігін нығайтуға, мемлекеттік тілді этносаралық қарым-қатынас тілі ретінде дамытуға аударылды. Бұдан әрі облыстық Достық үйінің Ресурстық орталық және Қазақстан халқы Ассамблеясының қоғамдық жобаларын іске асыру жөніндегі жобалық кеңсе ретіндегі жұмысы туралы айтып берді.
Сөз сөйлеген Ақмола ҚХА бас маманы Меруерт Қайыргелдина Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауындағы негізгі басымдықтары және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру жолдары туралы айтып берді.
Кездесу барысында қатысушылар, оның ішінде аудандағы казак ұйымдарының өкілдері өздерін толғантып жүрген сұрақтарын қойып, оларға тұшымды жауаптарын ала алды.