Ақкөлдегі кездесу
Ақмола ассамблеясының ақпараттық-түсіндіру тобы Ақкөл жоғары агротехникалық колледж оқушыларымен кездесу өткізді.
Шара басында сепаратизмнің көріністері және осы таратқаны үшін заңнамаға сәйкес жауапкершілік туралы тақырыптағы бейнеролик көрсетілді.
«Қоғамдық келісім» КММ басшысының орынбасары А.Б. Нұрмағанова қатысушыларды мекеменің этномәдени бірлестіктермен, ҚХАА қоғамдық құрылымдарымен өзара іс-қимылы және «жобалық кеңсе» ретінде қызметімен таныстырды. Сондай-ақ, ол әлеуметтік желілерде сепаратизмге шақыру, ксенофобия және т.б. деструктивті көріністерге жүргізілген мониторинг туралы айтып, жастарды осындай арандатушылықтардан сақ болуға шақырды.
Бөлім басшысы Ә.Б.Сванкулова мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асырылуы туралы айтып, жастарды қазақстандық бірегейлікті, отансүйгіштікті қалыптастыруға және мемлекеттік тілді игерудегі талпыныстарын күшейтуге шақырды.
Ассамблея жанындағы медиация кеңесінің төрайымы Г.С.Мәдиева этносаралық саладағы медиацияны дамыту, Достық үйіндегі медиация кабинеттерін этносаралық саладағы медиация орталықтарына айналдыру туралы айтып берді.