Достар кездесуі

Қазақстанда өтіп жатқан Тілдер онкүндігі аясында «Ақмола облысының орыс қауымдастығы» қоғамдық бірлестігі «Қоғамдық келісім» КММ – де интеркультурализм-өзара кірігу, түрлі этностар мәдениеттерінің өзара іс-қимылы тұжырымдамасына сәйкес,  іс-шара өткізді. Залда қазақ жастары, Орыс қауымының өкілдері қатысты.

Қоғамдық ұйымның басшысы А.А.Артеменко жиналғандарға құттықтау сөзімен жүгінді. Содан кейін Ш.Уәлиханов атындағы университеттің филология факультетінің студенттері сахнаға шығып, қазақ дәстүрлері туралы театрландырылған қойылым көрсетті. Соңында балалар белгілі қазақ ақындарының тіл, Отан туралы өлеңдерін оқыды, өлеңдердің мағынасы соншалықты терең болғандықтан, орыс көрермендеріне түсінікті болған сияқты.

 Содан кейін сахнаға көркемдік жетекші Зоя Николаевна Авилованың жетекшілігімен «Орыс әні» халықтық ансамблі шықты, оның орындауында орыс композиторы Е.Брусиловскийдің музыкасына «Шолпан» қазақ халық әні шырқалды.  Жан-тәнімен, шын жүректен  шырқалған әні үшін, зал ұжымға қошемет көрсетті.

Осы кеште залда кезек-кезек қазақ және орыс сөздері айтылып, әртістердің орындауында қазақ және орыс халық әндері шырқалды. Ұмытылмас достар кеші «Русская община» ҚБ университет студенттеріне естелік сыйлықтарын табыстаумен аяқталды.