Медиация – даулар мен жанжалдарды шешу құралы

Қазақстан халқы Ассамблеясының жұмысындағы басым бағыттардың бірі медиация болып саналады, өйткені ол жанжалды достық жолмен реттеуге, оның барлық тараптарын тиімді шешім қабылдауға тартуға бағытталған, ал соттағы шешім тараптардың бірін қанағаттандырмауы мүмкін. Яғни, мұнда жеңілгендер мен жеңімпаздар жоқ, өйткені жағдайдан шығу жолы өзара қолайлы.

Бүгінгі таңда медиация институты еңбек дауларын, этносаралық қақтығыстарды шешудің танымал құралына айналып, өзінің тиімділігі мен қажеттілігін дәлелдеді. Соңғы уақытта медиацияға деген сенімнің айтарлықтай артқандығы да байқалады. Адамдар даулы жағдайды шешу үшін медиатордың қызметіне бұрынғыдан көбірек жүгінуде.

Қазіргі уақытта «Қоғамдық келісім» КММ медиация кабинеті жұмыс істейді.

Медиация кабинетімен биыл бірнеше іс-шаралар ұйымдастырылды – олардың ішінде «Медиация саласындағы жұмысты жетілдіру» дөңгелек үстелі, «Виртуалды қабылдау бөлмесі» тақырыбындағы Ашық есік күні, судьялардың, кәсіби медиаторлардың, заңгерлердің, психологтардың қатысуымен өткен «Мектеп медиациясы-жанжалдар мен даулардан шығудың баламалы тәсілі» тақырыбындағы семинар бар. Тыңдаушылар қатарында этномәдени бірлестіктердің басшылары, білім беру қызметкерлері, ЖОО студенттері, қатардағы азаматтар болды.

Әлеуметтік және жеке сипаттағы мәселелерді талқылау және еңсеру үшін «Қоғамдық келісім» КММ әлеуметтік желілердегі алаңында «Моральдық дүрбелең. Бұқаралық долданысқа «жоқ» деп айтыңыз», «Медиация дегеніміз не?», «Медиация қайда қолданылуы мүмкін?», «Отбасылық даулардағы медиация» тақырыптарында тікелей эфирлер ұйымдастырылды.

Соңғы үш айда «Қоғамдық келісім» КММ медиация кабинетіне әлеуметтік, еңбек мәселелері бойынша 10 өтініш келіп түсті. Оларды қарау барысында 3 медиативтік келісім жасалды. Этносаралық сипаттағы мәселелер бойынша өтініштер түскен жоқ, бұл этностық топтар құқықтарының бұзылу жағдайларының жоқтығын және облыстағы этносаралық қатынастардың тұрақтылығын растайды.

Жазылушылардың назарына, «Қоғамдық келісім» КММ сайтындағы «медиация» қосымша бетінде азаматтар кәсіби медиатордан кеңес алуға өтінім бере алатындарын айтқымыз келеді. Сенім телефоны жұмыс істейді (8 716 2) 723171.