Бас киім жасау

__А.ж. 17 мамырында “Қоғамдық келісім” КММ қабырғасында  Нұр-Сұлтан қаласынан келген шебер Мадина Қуандық ҚХАА сәндік-қолданбалы өнер шеберлері одағының мүшелері үшін тақия дайындау бойынша шеберлік сабағын өткізді.__Қазақ бас киімін дайындау тыңдаушылардың қызығушылығын тудырды. Мадина бас киімді қалай тігуге, оны жүн жіптерінен өрнектермен безендіруге, арнайы жасырын тігіспен тігудің әр қадамын түсіндірді.

__Ол үшін лэд-экранда тақия дайындау бойынша таныстырылым  көрсетілді.

__Ежелгі заманнан бас киім жасауда терең мағына жатыр. Сонымен, ежелгі уақытта біздің әжелеріміз әр тігіс сайын  бас киім иесінің әл-ауқаты, берекесі, әрдайым үйіне аман оралуы үшін дұға жасаған.

__Ұжымдық шығармашылықтың нәтижесінде шараға қатысқан әр әйел өзіндік ерекшелігі бар  бас киім жасады.