Азаматтық қорғаныс академиясының курсанттарына дәріс
Алғыс айту күні қарсаңында «Тарих ғибраты» онкүндігінің аясында «Қоғамдық келісім» КММ талдау және мониторинг бөлімінің бас сарапшысы Е.Ж.Закирьянов, КХАА жанындағы ғылыми-сараптамалық топ мүшелері А.А. Шарипов және Е.Г Шуматовпен бірге Ш.Уалиханов атындағы Көкшетау университетінің студенттеріне және Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі М.Ғабдуллин атыңдағы Азаматтық қорғаныс академиясының курсанттарына дәріс оқыды.
Дәріс барысында тыңдаушыларға этносаралық қатынастар саласындағы жүзеге асырылып жатқан мемлекеттік саясат, Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 174 және 180 баптары бойынша жауапкершілік түсіндіріліп, ұлтаралық шиеленіс пен жанжалдарды алдын алу жұмыстары жүргізілді.