«Қоғамдық келісім және ұлттық бірлік – Қазақстанның әлеуметтік игілігі мен өркендеуінің негізі» тақырыбы бойынша дөңгелек үстел
Ағымдағы жылдың 1 ақпанында Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінде «Рухани жанғыру» бағдарламасы аясында «Қоғамдық келісім және ұлттық бірлік – Қазақстанның әлеуметтік игілігі мен өркендеуінің негізі» тақырыбы бойынша, «Тарих, құқықтану, өнер және спорт» факультетінің «Жалпы тарих және философия» кафедрасы ұйымдастыруымен «Қоғамдық келісім» КММ-мен бірлесіп дөңгелек үстел өткізді.
Дөңгелек үстелдің модераторы тарих ғылымдарының магистрі, «Жалпы тарих және философия» кафедрасының аға оқытушысы Жүсіпова Раушан Құрманғалиқызы, өз сөзінде «бүгін қоғамдық келісім мен ұлттық бірлік – ұлтаралық және конфессияаралық келісімнің қазақстандық үлгісін нығайтуға қызмет ететін іс жүзінде әрекет ететін күш», – деп баяндады.
Іс-шараға спикерлер ретінде «Қазақ тілі мен мәдениеті» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Мейрамбек Қиықов, Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің төрайымы, Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы жанындағы Қоғамдық келісім жөніндегі облыстық кеңестің мүшесі Зере Қиықова, «Ақмола облысының татар және башқұрт» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Рафаил Сулкарнаев, «Ақмола облысының« Хатиква» еврей мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Владлен Погребицкий, Ақмола облысының «Санги-Кабуд» тәджіктік ұлттық-мәдени орталығының төрағасы Умар Шоназаров және кафедра студенттері қатысты.
Өз сөздерінде, «Қазақ тілі мен мәдениет» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Мейрамбек Қиықов, Елбасымыз айтқандай, Қазақ тілі керегесін кеңге жайған мемлекетіміздің қара шаңырағы болса, басқа ұлт пен диаспора тілдері сол шаңыраққа шаншылған уық іспетті. Уықты бөліп-жармай, біртұтас біріктіріп отырған алтын шаңырағымыз әманда биікте болсын дей отырып, Қазақстан Республикасының мемлекеттік ұлттық саясаты қоғамдық ұйымдардың бірлігі және сәйкестікті қалыптастыруға бағытталған 5 негізгі құраушы ұстанымға негізделген, олар: Қазақстан халқының бірлігі, қазақ ұлтының ұйымдастырушы рөлі, толеранттылық, қазақ этностарының мәдениеті мен тілін дамытуға барлық жағдайды басқаруға жасап, конфессияаралық, мәдени және тілдік саналуандылықты сақтау негізінде «Бір ел- бір тағдыр», тегі басқа, теңдігі бір, ұлт рухының дамуы принциптерін ұстанып, Қазақстан халқының бірлігін сақтау. «Рухани жаңғыру» дегеніміз, ол- өшкенімізді жандырып, жоғалтқанымызды тауып, көне асық ойынын ұлттық құндылыққа айналдырды. Қазіргі кезде бұл ойын ЮНЕСКО тіркеліп, адамзаттың мәдени мұрасы тізіміне енгізілді» деп мәлімдеді.
Зере Қиықова – Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің төрайымы, Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы жанындағы Қоғамдық келісім жөніндегі облыстық кеңестің мүшесі, өз сөзінде «Ана бір қолымен бесік тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді. Әйел – отбасының, мемлекеттің тірегі» деп, отбасы және ана институттарын нығайту арқылы қоғамдық келісім мен ел бірлігін қамтамасыз етудегі Қазақстан халқы Ассамблеясы мақсаттарын іске асыруға жәрдемдесу, сондай-ақ отбасылық құндылықтарды тарату жөнінде шараларды жүзеге асыру мақсатында Қазақстан халқы Ассамблеясы жанынан Аналар кеңесін құрылды, елдігімізге тән, тарихи дәстүрімізбен тамырлас бастама болып табылады. Өйткені, ананың ақ батасымен елдің көсегесі көгерген, оның бір ауыз сөзімен ел ішін алатайдай бүлдірген небір өнбес дауларға нүкте қойылған, – деді. Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында айтылғандай, ұлттық дәстүрді негізге ала отырып, отбасы құндылықтарын дәріптеу, ұрпақ тәрбиесіндегі өзекті мәселелерді талқылап, ұсыныстар әзірлеу, ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан өзара сыйластық пен татулық, мейірімділік, бірлік пен келісім секілді елдігіміздің тірегі болған құндылықтарды кеңінен насихаттау туралы әңгімеледі.
Рафаил Сулкарнаев – «Ақмола облысының татар және башқұрт» қоғамдық бірлестігінің төрағасы, татар-башқұрт диаспорасы туралы, сондай-ақ «Туған жер» бағдарламасы, Нұрсұлтан Назарбаев атап айтқандай, «Үшінші, жергілікті билік «Туған жер» бағдарламасын жинақылықпен және жүйелілікпен қолға алуға тиіс. Бұл жұмысты өз бетімен жіберуге болмайды, мұқият ойластырып, халыққа дұрыс түсіндіру қажет. Туған жеріне көмек жасаған жандарды қолдап-құрметтеудің түрлі жолдарын табу керек. Бұл жерде де көп жұмыс бар. Осы арқылы қалаларды көгалдандыруға, мектептерді компьютерлендіруге, жергілікті жоғары оқу орындарына демеушілік жасауға, музейлер мен галереялар қорын байыта түсуге болады. Қысқаша айтқанда, «Туған жер» бағдарламасы жалпыұлттық патриотизмнің нағыз өзегіне айналады» айтып өтті.
Владлен Погребицкий – «Ақмола облысының« Хатиква» еврей мәдени орталығы »қоғамдық бірлестігінің төрағасы, ол еврей диаспорасы және «Алғыс »жобасы туралы айтып өтті. Қазақстанда 1 наурыз « Алғыс айту күніне» орай, біздің еліміздегі Израиль елшілігі « Алғыс »жобасын іске қосты. Қазақ жерінде жүздеген мың еврейлер екінші үйін тапты. Осыған орай, Израиль Елшілігі өз елінің Тәуелсіздігінің 70 жылдығында «Алғыс» жобасын бастамашылық етпекші еткенін хабарлады.
Умар Шоназаров – Ақмола облысының «Санги-Кабуд» тәджіктік ұлттық-мәдени орталығының төрағасы, бұл орталық 2017 жылдың 26 қараша күні ашылған болатын және 2017 жылғы желтоқсанның 24-і күні Тәжікстанның Республикалық конгресі ашылып, онда төрағаның орынбасары лауазымына ие болғанын атап өту керек. Сонымен қатар, қысқа уақыт ішінде Астана қаласында Тәжік ұлттық мәдени орталығының филиалы мен Ақмола облысында спортшылар жастар қанаты құрылғаны туралы мәлімдеді.
Дөңгелек үстел барысында студенттер өз тәжірибелерімен бөлісті және «Тарих» мамандығының ІІІ курс студенті Омар Махаббат «Ұлы даланың ұлы рухы» тақырыбына және «Тарих» мамандығының I-курс студенті Аслан Абуталибов «ұлттық бірлік көп мәдени өзара іс-қимыл негізі ретінде» тақырыбына баяндама оқыды. Сондай-ақ, өз қызығушылығымен ерекше көзге түскен «Серпін» бағдарламасымен оқитын III-курс студенті Бақытгүл Aмантұрлықызы Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының жанындағы аналардың кеңесінің жұмысын өзі үшін танысып, оқып осы жолдағы еңбектері үшін Зере Еспайқызы Қиықоваға өз алғысын білдірді.
Іс-шара аясында Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы бейнежазба көрсетілді. Қатысушылар елдегі қоғамдық келісім мен ұлттық бірлікті нығайтуға байланысты ұйым қызметінің жаңа формаларын талқылады.